Ақтөбе облысында "Қандыағаш –Ембі-Шалқар" республикалық тас жолын су шайып кетті. Қар суы жолдың 1 шақырым бөлігіне дейін жайылған. Белгілі болғандай, күннің күрт жылуынан қырдан аққан су тас жолдан 10-20 см асып аққан. Жолдың жан-жағын бекіту үшін жауапты мекемелер дереу инертті материалдан қоршау жасап, құм төсеген. Ауданда жедел штаб құрылды. Жанболат ЖИДЕХАНОВ, ШАЛҚАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Қардың еруінен су көтерілу қаупі төнді. Қазіргі уақытта басында Теміржол қызметкерлері және жол қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр. Инертті материалдардан 700 қап құм, қосымша көліктермен 300 қап құм төселді. Қазіргі күні автокөліктерге қауіп жоқ.