Ақтөбенің Ырғыз ауданы Құйлыс елдімекенінің тұрғындары эвакуацияланды. Ырғыз өзені арнасынан тасып Тәуіп ауылдық округіне қарасты ауылға қауіп төнді. Судың екпіні қатты болғаны соншалық, биіктігі 1 метр, ені 5-6 метрге жететін бөгеттің 10 метр жерін бұзып кетті. Әзірге үйлерге су кірмеген. 100-ге жуық әскери мен ерікті бөгеттерді нығайтып жатыр. Азық түлік пен жанар-жағар май, инертті материалдар ауылға аудан орталығынан жеткізілуде. Нұрлан ҚЫЗБЕРГЕНОВ, ЫРҒЫЗ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Соған қарамастан біз қазір сол жерден ұзындығы 2 км болатын тағы да қорғау жұмыстарын бөгеттерді бастап кеттік. Бүгінгі күнге жел әлі толастамай тұр. Бірақ толқын кешегідей қатты емес. Судын деңгейі соңғы 13-15 күн көлемінде бір деңгейді ұстап тұр. Судың не түсуі, не көтерілуі байқалып тұрған жоқ.