Актриса Дариға Бадықованың гонарары қанша?

Отандық киноларда басты рөлде сомдап жүрген Дариға Бадықова алғаш рет қаламақысын жасырмай айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Актрисаның бағын жағып, жолын ашқан рөлі – “Келінжан” телехикаясындағы Айсара образы. “Продюсерлердің ішіндегі ең мәрт адам – Гүлнұр Мамасарипова. Ешқашан еңбегімізді жеген емес. Керісінше артығымен беріп жібереді. “Келінжан” жобасы мен үшін өте берекелі жұмыс болды. Ауылға барып түсірілім алаңында тоғыз күндей болдым. Сол кезде 6 миллион гонарар алдым. Актерлардың арасында бір аптаға мынадай сумма деп бекітілген баға бар. Бірақ мен алты миллионды тоғыз күнге алдым. “Келінжан” толықметражды фильмі де жақсы гонарар берді”, – деп табысын жасырмады. Асхат Садырбай “Жанар Айжановадан көп алады екенсіз. Оның бір күні – 1 миллион теңге екен”, – деп әзілдеді. “Жанар апамыз өнердегі – аға буын өкілі. Ол кісінің табысы біздікінен де жоғары болуы керек. Жолы да үлкен, өнері де биік. Жанар апамен үзеңгілес актрисалар көп гонарар алып жатса, біз секілділерге стимул болатын еді. Апамыздың өнеріне тәнтімін. Қазақ өнерін асқақтатып жүрген жанның бірі”, – деді актриса. Сонымен қатар актриса табысты кинолардан да гонарардан бөлек сыйақы алатынын жасырмады. “Кино жарыққа шыққаннан кейін, жақсы табыс түссе бізге де үлесін беретіндер бар. Мысалы, Қайрат Әділгерейдің “Хотя бы в кино” фильмі 1 миллиардтан астам қаражат жинады. Гонарардан бөлек сатылымнан түскен ақшадан сыйақы алғанымыз бар. Бірақ Нұрлан Қоянбаевтың ”Қазақша бизнесінің” ешқайсысынан сыйақы алмадық. Ол нөмер бірінші рекордтық касса жинаған жоба болса да, бізге сыйақы бермеді. Оған реніш те жоқ”, – деп ақталды актриса. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Электрондық вейптерді сатушы сотты болды
Эльжана Таниева 19 жасында мансабын аяқтады
Сыбайлас жемқорлардың аты-жөні енді жария тізілімде болады
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Мүфтияттың Ғұламалар кеңесі квадроберлерге қатысты үкім шығарды
«Алматы - Өскемен» автожолында 18 көлік соғылып қалды
Депутаттар ішкі істер министріне көлікті 5 минут қыздыру қисынсыз екенін айтты
Алматыда «Birlik» би ансамблінің концерті өтеді
ҚБТУ-дағы өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлер марапатталды
Ұшақта адамды өлімнен құтқарған студент марапатталды
«Әкеме көлік әпердім»: Ержан Максим байқаудан алған қаржылай сыйлықты қайда жаратқанын айтты
Маңғыстауда алып сәби өмірге келді
Ұшақта жолаушыны аман алып қалған жігітке "Құрмет" грамотасы табысталды
Төртінші баласына аяғы ауыр Аиша қазақша өлең оқып, көпшілікті тәнті етті
«Үш-төрт рет күйеуге тиген апа бақытты отбасы туралы айтады»: әзілкеш курс сататындарды сынады
«Беті мен ішінен ұрып, балағаттаған»: Жолаушы FlyArystan қызметкерін соққыға жықты
Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті
Астанада су тасқыны қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізілді
«Жаңа өмір»: Жахан Отарғалиев үшінші мәрте отбасын құрды