Танымал актриса Жәния Джуринская әлеуметтік желіде жүкті екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.“Бақытты отбасымызға тағы бір жан қосылмақ. Күтпеген жағдай болды. Бірақ біз сені күтеміз, жүрегім. Көңілді болары сөзсіз. Жаңалығымыз туралы екі апта бұрын біліп қойғандар, өзара келісім туралы ұмытпаймыз. Бірінші рет біліп тұрғандай таңғаласыңдар”, – деп жазды өнер иесі.Желі қолданушылары Жәнияны қуанышымен құттықтап, ақ тілегін жаудырды. “Құтты болсын, алақай”, “Шын жүректен құттықтаймын”, “Кішкентай Жәния бар, енді кішкентай Даниярды күтеміз”, “Сіздер үшін қуаныштымын”, “Бала деген бақыт қой. Құттықтаймын”, – деп жылы лебізін білдірді желідегілер.