"Ақылы бар әйел кемшілігін көрсетпейді": Айжан Нұрмағамбетова қыздарға қатысты ойын айтты

Отандық эстрада жұлдызы Айжан Нұрмағамбетова қыздарға қатысты ойын айтты. Өнер иесі нәзік жандыларға қойылатын талаптарға қатысты өз пікірін "Оян" бағдарламасында жеткізді. Әңгіме барысында Айжан Нұрмағамбетова ақылы бар әйелдердің артықшылығы басым екенін атап өтті. "Сіздерге әйелден не ұнайды деп айтады ғой. Біреу көз, біреу аяқ дейді. Мен ер азамат болсам, әйелдің миы болсын дер едім. Ми бар, ой бар, ақылы бар әйел өзінің жақсы нәрселерін ғана көрсетеді, кемшіліктерін көрсетпейді", - деді ол. Әнші қазіргі жастарға қызығатынын да жасырған жоқ. "Мен жастарды қызғанбаймын, олармен мақтанамын. Бірақ оларға қарағанда "әттең, неге ерте тудым немесе неге ерте қартайдым" деймін. Былай киінгенде біреулер "бұлай дұрыс емес қой, жасы келді ғой" деп айтатын шығар. Ал маған ұнайды. Жалпы бір сұқбатымда "Мен – Қазақстан эстрадасының Томирисімін" деп айтқанмын. Ең бірінші қысқа киім киген, ең бірінші шашын аққа бояған, ең бірінші басқа тілде ән айтқан мен", - деп атап өтті әнші. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еуропа чемпионаты тарихындағы ең жылдам гол соғылды
Мемлекет басшысы Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Ақтөбеде көлігін сатуға кеткен әйелдің мәйіті табылды
Почему мажилисмены поменяли отношение к закону об игорном бизнесе? Букмекеры подают в суд на депутата
Қостанайда суға батқан 2 жас қыздың жағдайы белгілі болды
"Күн көру мүмкін емес". Екінші дәрежелі банк арқылы ипотекаға пәтер алған жанмен сұхбат
Бүгін қасиетті Құрбан айт мерекесі басталды
Мемлекет басшысы Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Алтын тойын ерекше атап өткен жаңаөзендік ерлі-зайыпты желі қолданушыларын тәнті етті
Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Алматы облысында жеке тұрғын үйде өрт шықты
Ақтөбеде көлігін сатуға кеткен әйелдің мәйіті табылды
Тоқеав қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Флорида штатында тасқын жүріп, торнадо ойран салды
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Терезесі жоқ кеңседе жасанды жарықта жұмыс істеудің теріс әсері қандай?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Туристік нысандарға апаратын 2 мың шақырымға жуық автожол жөнделеді
Павлодар облысында жеке тұрғын үй мен гараж өртенді
Күнделікті жүру қарқыны арқылы қант диабетіне шалдығу ықтималдылығын азайта аласыз
Дәріхананы өртеген Түркістан тұрғыны өрт ішінде қалып қойды
41 градус ыстық: Синоптиктер ескерту жасады
Астана мен Сеул арасындағы рейстер қайта жанданды