Ақылы жолдармен жүру және төлем жасау тәртіптері өзгереді

«Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы» Индустрия министрінің бұйрығына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұйрыққа сай, енді жүргізушілер жол ақысын мына тәсілдермен төлейді: - төлем жүйелері сервистерінің көмегімен алдын ала төлеу; - мүмкіндік болған уақытта қолма-қол төлеу; - ақылы учаскеден шыққаннан кейін күнтізбелік 7 күн ішінде кейінгі төлем. «Пайдаланушы жол ақысын күнтізбелік 7 күн ішінде төлемеген жағдайда, жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (17 250 теңге) және ұйымдар үшін 10 АЕК (34 500 теңге) айыппұл салу көзделген», - деп түсіндірме берілген өзгеріске. Сонымен қатар, ақылы жолдың әкімшісі учаскелерге кірер алдында тиісті хабарламасы бар ақпараттық табло орналастырады. Ақпараттық тақтада келесі ақпарат көрсетіледі: - ақылы учаске бойынша жол жүру ақысының құны; - учаскенің ұзындығы; - жол ақысын төлеудің ықтимал тәсілдері; - ақылы жолдың әкімшісінің байланыс деректері. Бұл ретте, ақылы жолдың әкімшісіне пунктілерде кептелісті болдырмау үшін шлагбаумдарды дереу көтеру, көліктің тиісті жылдамдығын сақтауды қамтамасыз ету міндеттеледі. Ақылы учаскелер бойынша берешегі бар жүргізушілер жолға жіберілмейді. Жаңа талаптар 16 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қар құрсауынан 8 адам құтқарылды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Жайлы мектеп» құрылысы – партия бақылауында
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Түркі жұртына ортақ тұлға
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Көшпелі жиын өтті
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады
Тұрғындарды алаңдатқан сауалдар
100-ге жуық шетелдік такси жүргізушісі елден шығарылды
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Cауда үйінің қызметкері зейнеткердің шотынан ірі көлемде қаражат ұрлаған