Белгілі ақын Несіпбек Айтұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Бұл туралы айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Айта кетейік, Несіпбек Айтұлы - 1950 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында туған. Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты(2012ж), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері(2011), «Парасат» орденінің иегері(2004). Таңдамалы жеті томдығы «Фолиант» баспасынан (2015 ж.) жарық көрген эпик ақын.Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастайды. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін бітірген.1974-1984 жж. «Балдырған» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор. 1984-1994 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1995-1996 жж. «Ақын» қауымдастығының директоры. 1997-2001 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі.2001 жылдан бастап Астана қаласына қоныс аударып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеген.Қазақстан Жазушылар одағының секретариат мүшесі, Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы мұражай директоры. 2004 жылы Мәдениет министрлігі жариялаған Республикалық патриоттық әндер конкурсының Бас жүлдегері.«Бәйтерек» (2003), «Көз жасым» таңдамалы (2006), «Бөрітостаған» (2007), «Ерлікке ескерткіш» (2008), «Сардар» (2008), «Құланойнақ» (2009), «Арқатірек» (2010), «Наурызбай» (2011), «Ту»(2012), «Сарайымнан шыққан сөз» (2014), «Дариға, дәурен» (2018), т.б. кітаптары жарық көрген.