«Ақырзаманның белгілері байқалып жатыр»

Бұл туралы smartnews.kz сайты ernur.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Абай Бегейдің әнші қызы Сымбат хиджап кигенін айтып, «Инстаграмына» жазба жариялады. «Сәл кідіріс. Сәл тыныс. Оралу үшін жоғалу. Ұғыну үшін доғару. Пендеуи тірлік біткен бе? Пендешілік жүрекке түскенде - жан қиналады. «Пендеміз ғой», «әлі-ақ уақыты келер», «бұйырған күні бар шығар» , «бастысы ниетіміз бар» , «әлі жаспын»… Бұл сылтаудың шегі бар ма? Алладан келгенбіз - Аллаға қайтамыз! Сонда кім үшін - не үшін бұл сылтаудың бәрі? Жаратылған жан екенімізді біле тұра Жаратқанымыздың алдындағы парыз бен борыштан неге өзгені биік қоя береміз?! Мен ойландым. Ой түйдім. Бұл шешімге келуім үшін бәрін сараладым. Себебі орамалды киіп-шешуі тез адамдардың қатарынан емес, басымдағы тәжім еткім келеді. Солай болғай. Жүрекпен келгім келіп, жанмен ұғынғым келді. «Инстаны», «тик-токты» ақтарсаң еврейлер мен мұсылман халқының соғысы. Шарасыз мұсылман бауырларымыздың үй астында қалған бала-шағасы, өліммен арпалысқан күнәсіз сәбилер. Осыдан кейін уақыттың еншісінде, өз уақыты келер деп қалай айтуға болады? Ақырзаманның белгілері байқалып бара жатыр, елдің сөзі-көзі деп жүргенде. Ертелі кеш Аллаға оралатынымызды неге ойламайды екенбіз деймін. Жаратқан адамға бәрін берген. Көрерге көз, сөйлерге сөз, тынысқа қос танау, жұмысқа егіз қол, жүріске жұп аяқ берген. Естірге құлақ, жұтымға тамақ берген. Ішкі мүшемізді айтпағанда, сыртқы мүшелеріміздің нығметін байқап жүрміз. Көріп жүрміз. Іштей сол нығметті ұғып жүрміз. Бірақ соның қарымтасын қайтару қай пенденің ойына кіріп-шығыпты? Мен бүгіннен бастап мінезіммен алысуды бастадым. Жүрегіме үңілемін деп шештім. Ойыма ластық, көңіліме кіршең дақ қалдырмаймын деп түйдім. Сіз де бастаңыз. Жаратқанға әр нығметі үшін алғыс айтуды қолға алдым. Орамалым мәңгілік болсыншы!», - деп жазды Сымбат Абайқызы. Жас әншінің бұл шешімі тыңдармандарын сан түрлі ойға жетеледі. «Әлі мектепте оқиды, бала болып, сабағын оқып, әдемі киініп, жарқырап жүретін кезі ғой. Үйіндегілер жас қыздың санасын улап тастаған», «Орамалың басыңтағы тәжің болсын!», «Қызықтың бәрі ана өмірде дейді , мына өмірде не істеп жүрміз сонда. Жап жас болып осындай әңгіме айтатындарды түсінбеймін», «Нағыз еліктегіш жас шағында тұрған қыз ғой», «Дұрыс, иманды адамның тірлігі, ақыретін ойлағаның жөн екен», - деп жазды көпшілік.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті
Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жарияланды
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті
Екі облыста жол жабылды
Қазақстандағы инклюзивті қоғам: даму жолдары мен болашағы
«Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Шығыстағы шалғай ауылдарға шағын мектептер салынады
Доллардың бүгінгі бағамы
Екібастұзда этнос өкілі оқушыларға музыка арқылы қазақ тілін үйретіп жүр
16 желтоқсанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
Англияда үйде оқитын балалардың саны 111 мыңнан асқан
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Алматыдан 712 шақырым қашықтықта жер сілкінді