Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы өзінің себепсіз жұмыстан қуылғанын мәлімдеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің оқытушысы Дастан Қастай университет басшылығының ешбір себепсіз жұмыстан шығарып жібергеніне қатысты наразылығын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл туралы ол өзінің Facebook – гі парақшасында жазды. Дастан Қастай өзін еш себепсіз жұмыстан шығарған және ар-намысына нұқсан келтірген Университет басшылығының жазалануын және ҚазҰУ-дағы білім саясатының өзгертілуін талап етуде. Жоғары оқу орнының оқытушысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға Ашық хат жолдады. «Мен, ҚР азаматы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің оқытушысы Қастай Дастан Қуандықұлы академиялық әділдікті талап етемін! Оқытушылық жұмысымның алтыншы аптасы басталғанда ешбір «ойға қонымды» себепсіз әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі жұмыстан шығарылдым. Университет тарапы неліктен мұндай қадамға барғанына қатысты түсінік беруден бас тартты. Құрметті Мемлекет басшысы, министрлер, көз алдымда менің азаматтық құқым тапталып, оқытушылық болмысыма, кәсіби қызметіме нұқсан келіп жатыр. ҚазҰУ басшылығына, әміршіл-әкімшіл жүйені «шеберлікпен» жүзе асыратын жандарға «Тәуелсіздік ұрпағының» ұстанымы, санасы ашық азаматтық оқытушылық амбициясы ұнамаса керек. Менімен айқас жазушы-журналист «Кемел Тоқаев аудиториясы» ашылғаннан кейін басталды» - деп жазды Дастан Қастай. Дастан Қастай жолдаған Ашық хатқа ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап қатты. «Достар, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университтің жас оқытушысы Дастан Қастайдың әлеуметтік желідегі ашық хатына байланысты оқу ордасының басшылығымен тікелей байланыстым және ұстаздарды жұмыстан шығару немесе қудалау фактілері болмауы керектігі бойынша кеңес бердім. Қазіргі уақытта Dastan Kastay бауырымыздың жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрық жоқ екендігін және журналистика факультетіндегі қызметін жалғастыра беретіндігін баршаңызға қуанышпен жеткіземін»,-деп жазды министр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
Facebook, Youtube және Instagram желілері істемей қалды
Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларын жобалау
Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларын жобалау
Көлікті дұрыс қыздыру маңызды
Ауа райына байланысты «Үшарал-Достық» автожолы жабылды
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
Мереке күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
Жетісу облысында көлік қозғалысы шектелді
85 млн теңге қарыз: Түркістан облысында заңды белшеден басқан жүргізуші ұсталды
Қазақстан спортшылары әлем чемпионатында үшінші рет ел рекордын жаңартты
Әлемнің әр түкпірінен WhatsApp істен шыққаны туралы хабар тарап жатыр
"Дарын" жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Астанада көшенің ортасында көлік өртенді
Қазақстан ауыр атлетика федерациясына жаңа басшы келді
Екібастұзда жылу желілерінің жарылуы салдарынан 10 жастағы бала күйіп қалды
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды: қылмыстық іс қозғалды
Қарағандыда тұрғын үй өртенді
Қазақстанда қанша қаржы компаниясы жұмыс істейді?
«Зәкеңді жақсы көрген жоқпын, ғашық та болмадым»: Мақпал Жүнісова жан сырын ақтарды (Видео)
СҚО-ның спортын кім басқарады? Үміткерлер анықталды
Тұрғын үйді несиеге алатын Қазақстан азаматтарының саны күрт артты
Қазақ тілінде сөйлеп жүрген америкалық ару министрден марапат алды (ВИДЕО)
Алматы облысында айыпталушы сот отырысы кезінде тамырын кесуге тырысты