Сауд Арабиясының «Әл-Хиляль» клубы «Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салахты 2024 жылдың жазында қатарына қосудан үмітті, деп хабарлайды BasSport.kz.TodoFichajes мәліметінше, Юрген Клопптың маусым соңында «қызылдар» сапынан кетур туралы шешімі Салахтың тағдырына да әсер етуі мүмкін. Былтыр жазда «Әл-Иттихад» «Ливерпульге» Салахтың трансфері бойынша 150 миллион фунт стерлинг ұсынғанымен, ағылшын клубы бұдан бас тартты. Дегенмен «Әл-Иттихад» мысырлық футболшыға әлі де қызығушылық танытуда. Салахты Неймармен қатар алаңға шығармақ. Салахтың «Ливерпульмен» келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Ал Transfermarkt футболшыны 65 млн еуроға бағалайды. Салах «қызылдар» сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетеді. Оған дейін «Рома», «Фиорентина», «Челси», «Базель» және «Мокавлун» клубтарында ойнаған.