Екібастұз қаласы мен Құлакөл ауылы аралығындағы 8 шақырым жол 20 жылдан бері жөнделмеген. Ал Солнечный кентінде қараусыз қалған көп қабатты үйлер көп. Алайда, баспанасыз жүрген отбасылар да жетерлік. Шыдамы таусылған жұрт «AMANAT» партиясынан көмек сұрады.Бұл Екібастұз қаласынан Құлакөл ауылына баратын жол. Небәрі 8 шақырым. Бірақ жұрттың жүйкесін жұқартып болды. 20 жылдан бері жөндеу көрмеген. Шұрық-тесігі шыққан. Көлік түгілі жаяу жүрудің өзі қиямет дейді тұрғындар. Басты базаныларын билікке айтқан, мәселе әлі күнге шешілмеген. Әбдікәрім АҚЖАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ЗАҢГЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Негізігі жазбаған жерлерпі жоқ екен. Прокуратураға да, әкімшілікке жазыпты. 40 тондық, 60 тондық машиналардың бәрін тоқтату керек. Бітті. Содан кейін жолды жөндеу керек. Оларды жүргізбеу керек. Ал Солнечный кентінде қаңырап бос қалған көп қабатты үйлер көп. Ешқайсысы пайдаға жаратылмаған. Ал елді-мекенде үй күйсіз жүрген 100-ден астам отбасы бар. Жергілікті тұрғындар аталмыш мәселенің шешілуін сұрайды. Ал кенттің мәдениет үйі де әбден ескірген. Күрделі жөндеуді қажет етеді. Ал қаңыраған бос ғимараттар қаңғыбас иттердің мекеніне айналыпты. Салтанат ҚҰСАЙЫНОВА, СОЛНЕЧНЫЙ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: Өткен жылы Солнечный кентінің әкімдігі 60 пәтерді жөндеуге өтініш берген. Алайда, олардың тек біреуі ғана жөнделді. Бірақ, кезекте тұрғандар саны жыл сайын өсіп жатыр. Қазіргі уақытта 100-ден астам отбасы үй кезегінде тұр. Осы мәселені шешіп берсе деген өтінішім бар. Ал Шымкенттегі Егемен Қазақстан көшесінің тұрғындары 15 жылдан бері арман болған асфальтты айтып аманаттықтардан көмек сұрады. Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің өкілдері өңір тұрғындарымен кездесіп, мәселеге қанықты. Айта кетейік, бұл көшеде 100-ден астам отбасы тұрады. "Алақандай жол жыл сайын жөндеусіз қалып қоя береді", - дейді партияға үміт артқандар. Жомартбек НАЙЗАТАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Көктемгі күзгі уақыттарда балалар кешке қарай сабақтан қайтарда қатты қиналады. Таңертең ерте кеткенде бәрі пакет киіп, ана жерде біздің остановкамыз бар, остановканың жанынын бәрі пакетке толып қалады. +бала –шаға қатты қиналып жатыр, балшық. Көп жүре алмайды. Амалдаймыз. Кешке қарай бір-екі кісі боп көшеге свет жағып қоямыз амалдап, балашаға өтсін әрі-бері деп. Аманаттықтармен кездесу кезінде халық елді мекенге қажетті инфрақұрылым мәселелерін алға тартты. Көшені де жарықтандырып беруді сұрады. Тұрғындарды мазалаған барлық мәселелер мобильді топ жұмысының хаттамасына енгізіліп, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының жіті бақылауына алынды. Сәтін салса 10-маусымнан бастап жол жөндеу жұмыстары басталатын болды. Бахадыр НАРЫМБЕТОВ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Көшенің атауы шын мәнінде мұзарттай биік атау, Егемен Қазақстан болғаннан кейін атына заты сай болу керек деп ойлаймыз. Ең бастысы қазір осы асфальт төсеу және оның сапасын қадағалау. Партиялық бақылау біздегі комиссиясы арнайы өзінің бақылауын жүргізетін болады. Мен ойлаймын, халықпен бірге елмен бірге бұл мәселені бір айдың көлемінде шешеміз. Айта кетейік, аптасына бір рет «Құқықтық көмек» жобасы аясында халыққа заңгерлік кеңестер берілсе, ай сайын қабылдау бөлімдері шалғай елдімекендерге өздері барады.