Алакөлге пойыздар қатынайды

Алакөлге қатынайтын қосымша пойыздар іске қосылады. Көлік министрі алдағы жазда билет тапшылығы болмайтынын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.Марат Қарабаевтың сөзінше, туристік маусым кезінде Алакөлге 12 пойызға дейін қатынамақ. Теміржол билеттерінің де бағасын қолжетімді ету көзделіпті. Ведомство басшысы қазір бұл мәселенің шешіліп жатқанын жеткізді. Маусым айынан бастап азаматтар үшін арзандатылған билеттер қарастырылады. - Бұл мәселе қаралып жатыр. Қосымша іске қосылатын пойыздардың билеті әлі сатылып жатқан жоқ. Жүру құны қолжетімді болады. Мұнымен қоса, жаз кезіндегі тапшылық мәселесін түбегейлі жою мақсатында қазір қосымша жолаушылар вагоны сатып алынуда. Былтыр 118-і сатып алынса, биыл тағы 140 вагон жеткізу көзделіп отыр. Қосымша 350 отандық вагонды сатып алу жоспарда бар, - деді ҚР көлік министрі Марат Қарабаев. Мәселен, Астана мен Алматыдан аптасына 36 рейс жиілігімен Балқаш және Алакөл көлдеріне әуе рейстері орындалады. Оның ішінде ұшақтар 33 жиілікпен Алакөлге, 3 жиілікпен Балқашқа дейін ұшады. Алматы қаласынан: - Үржарға дейін (субсидияланатын рейс): аптасына 7 рет «Южное небо» әуе компаниясымен орындалады. Сондай-ақ биыл 1 шілдеден бастап Qazaq Air әуекомпаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) коммерциялық рейстерді іске қосады; - Үшаралға дейін (субсидияланатын рейс): аптасына 10 рет «Южное небо» әуе компаниясы орындайды. Сонымен бірге 16 маусымнан бастап Qazaq Air әуе компаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) коммерциялық рейстерді іске қоспақ; - Балқашқа дейінгі коммерциялық рейстерді «Южное небо» әуекомпаниясы орындайды, аптасына 3 рейс (сәрсенбі, жұма, жексенбі); Астана қаласынан: - Үржарға 1 маусымнан бастап Qazaq Air әуекомпаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) коммерциялық рейстерді іске қосады; - Үшаралға биыл 16 маусымнан бастап Qazaq Air әуекомпаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) коммерциялық рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Алакөл көлінің бағытында қосымша 3 Тальго пойызы мен 3 стандартты пойыз жүре бастайды: 1.№254/253 "Астана-Достық” (тальго); 2.№211/212 "Алматы-Достық"(тальго); 3.№207/208 "Алматы-Достық"(тальго); №221/222 "Алматы-Достық"(стандартты); №457/458 "Семей-Достық"(стандартты); №459/460 "Өскемен-Достық" (стандартты); 7.№21/6942/6941/22 "Алматы-Достық" (тіркеме вагон); 8.№21/6942/6941/22 "Қызылорда-Достық" (тіркеме вагон); Бүгінгі таңда аталған бағыттарда үш пойыз жолаушыларды тасымалдайды. Атап айтқанда, №337/338 "Алматы-Достық", №6941/6942 "Ақтоғай-Достық", №53/54 "Астана-Достық" және "Астана-Достық" бағытындағы вагондар (№121/122 "Астана-Семей" пойызының құрамында, 3 купе вагон). Жалпы саны 12 пойыз қатынайды. Сонымен қатар сұранысқа ие келесі бағыттар бойынша коммерциялық пойыздарды іске қосу қарастырылуда: * №201/202 Астана-Алматы * №203/204 Астана-Шымкент * №257/258 Орал-Астана Қазіргі таңда қолданыстағы бағыттар бойынша жылжымалы құрамды жазғы кезеңге дайындау жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, желдету және ауаны баптау жүйелерін қайта жаңғырту, ауа сүзгілерін ауыстыру, сумен жабдықтау жүйесін жуу және дезинфекциялау, вагондардың электр жабдықтарын тексеру бойынша іс-шаралар атқарылуда. Сондай-ақ тамбурларды, жылыту жүйелерінің құбырларын және басқа да бөлшектерді сырлау әрі вагон шанақтарын жуу жұмыстары жүргізілуде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы облысында автокөлік өртенді
Америкалықтар термоядролық станция жасап, шексіз энергияға қол жеткізбекші
Маңғыстауда полицейлер бекіре мен уылдырықтың заңсыз айналымын тоқтатты
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
35 градус аяз күтіледі