Жаңа жыл-жаңа үй. Әулиекөлдегі алапат өрттен зардап шеккен адамдар қамбалы қоян жылын жаңа қоныста қарсы алады. Тұрғындар 91 үйге толық көшіп бітті. Дүние-мүлкінен, төрт-түлігінен айрылған жандарға түгел өтемақы берілді. Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орман өрті қыркүйектің 2-сі күні тұтанып, жеті күнде толық сөндірілді. Алапат өрт 43 мың гектар аумақты шарпыды. Аманқарағай, Лесное, Озерный секілді үш ауылдың тұрғындары зардап шекті. Аманқарағай ауылында 91 үй толық жанып кеткен. Тағы 33 үйдің қора-қопсысы мен гаражы, моншасы отқа оранды.22 көлік күлге айналды. Аудан басшылары өрттен зардап шеккен әр тұрғынға толық өтемақы берілгенін айтады. Әсет БЕКЕШ, ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Үйлердің сапасы өте жоғары, жақсы. Жиһаз, техникалық заттарын алды.Жаңа жылды қарсы алуға дайын. Зардап шеккен 9 жеке кәсіпкер бар.Соларға да көмек көрсетілді.Өтемақы ақшалай берілді. Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: 2 миллиард 300 миллион теңге.Бір жарым ай. Бұл -Бірлік шағын ауданы. Рекордтық қысқа мерзімде 91 үй толық салынып, коммуникация түгел өткізілген. Темірхан ағай жаңа үйге қазан айының соңында көшкен. Бұл мекенде төрт адам тұрады. Жаңа үй жылы әрі кең. Қыстың көзі қырауда далада қалдырмай, басымызға пана. Басқа да қалаған затымызды алып берген ел халқына ерекше алғысымды білдірем,- дейді аудан тұрғыны. Темірхан ЖҮСІПБЕКОВ, ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Бірінші алғысымды президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына айқым келеді. Өйткені аз уақыттың ішінде бізге әдемі үйлер салып берді. Құрылысшылар өз шаруаларын істеді. Үйлер әдемі , жылы, кең. Жөндеу жақсы жасалған. Наталья Келлер де кең үйге қоныстанып, мәз-мейрам. Жаңа үй. Жаңа жиһаз.Қыркүйекте баспанасыз қалдық деп қобалжып ек.Енді міне жаңа жылды жадыраңқы көңілмен қарсы алуға дайындалып жатырмыз дейді. Наталья КЕЛЛЕР, ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Үй өте ыңғайлы.Бәрімізге орын жетеді. Жылы.Берекелі. Өте қолайлы. Барлық жағдай жасалған. Санитарлық жүйе.Ыстық су.Газ. Бәрі бар. Өрттен зардап шеккен тұрғындарға өтемақы беру үшін облыстық қазынадан 190 миллион теңге бөлінген. Ал түрлі қоғамдық ұйымдар арқылы 650 миллион теңге түскен. Қомақты қаражат тұрғындарға тең бөлінді, дейді аудан басшылығы. Оның сыртында «Amanat» партиясы ұйымдастырған 1300 тонна гуманитарлық көмек әр тұрғынға жеттті. Әулиекөлдіктер қиын –қыстау кезеңде қол ұшын созып, қолдан келген көмегін аямаған алаш жұртшылығына айрықша алғыс білдіреді. З. Санай

Алапат өрттен зардап шеккен тұрғындар жаңа жылды жаңа үйде қарсы алады
Жаңалықтар


































