«Қазақ даласында демократия болған жоқ!». Осындай жаңсақ пікірге ғылыми негізбен жауап берген жаңа еңбек жарыққа шықты. «Алаш демократиясы» атты жаңа кітап бұған дейінгі еңбектерді қайталамайды. Керісінше, Алаштанушылар қалам тербей бермейтін демократия құндылықтарын сараптаған алғашқы еңбек. Саясаттану - сан-салалы тараудан тұрады. Ал, елімізде демократия тұрғысынан қорғалған ғылыми диссертация аз. Сондықтан, бұл тіпті Алаш тақырыбында емес, әсіресе қазақ тіліндегі демократия туралы ұғымдарды түсіндіруде санаулы еңбектердің қатарына кіреді деді автор. Елордалық оқырманға кітаптың таныстырылымын өткізген автор бұл бағыттағы ісденісін әрі қарай жалғастыра бермек.Руслан АҚМАҒАНБЕТ, «АЛАШ ДЕМОКРАТИЯСЫ» КІТАБЫНЫҢ АВТОРЫ, САЯСАТТАНУШЫ: Біз осы кітапта демократия құндылықтарын негізгі категория ретінде ала отырып, Руссо, Монтеске басқа басқа да классикалық өкілдермен Алаштықтардың көзқарасын салыстырып, ұқсастықтарын талдап, ерекшеліктеріне мән беріп, осы мәнді біз жұмыс жасадық. Бақытжан БҰҚАРБАЙ, «АЛАШ ДЕМОКРАТИЯСЫ» КІТАБЫНЫҢ ПРОДЮСЕРІ, САЯСАТТАНУШЫ: Бұл кітап желтоқсанның ортасында оқырманға жол тартты. Мінекей, бір жарым айдың ішінде бұл нағыз сұранысқа ие болған әдебиеттердің біріне айналды. Қазіргі сатылым көрсеткіштеріне қарайтын болсақ, жыл қорытындысы бойынша бұл нағыз Қазақстанда басылған кітаптардың арасында нағыз бестселлерге айналуға бүкіл мүмкіндіктері бар. Р. Бақытжанқызы