Алаш қайраткерлері Францияның саяси тәжірибесін зерттеген – Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен Ақордадағы кездесуінен кейінгі бірлескен мәлімдемеде екіжақты мәдени-гуманитарлық байланыстың қай бағыттарда дамитынын айтты.«Тарихымызда екі елге ортақ деректер аз емес. Халқымыздың біртуар перзенті Абай француздың атақты ақыны Жан де Лафонтеннің мысалдарын қазақ тілінде аударған. Алаш қайраткерлерінің көбі француз тілін жетік меңгеріп, француз елінің жоғары мәдениеті мен саяси тәжірибесін зерттеген. Қазақтың белгілі әншісі Әміре Париж сахнасында ән шырқап, талайды тамсандырған. Күш атасы Қажымұқан Францияның астанасында өнер көрсетіп, көрерменді таңғалдырғаны баршаға белгілі», - деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Президент бүгінгі кездесу кезінде білім және ғылым саласындағы жобаларды қолға алуға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. «Осы орайда елімізде француз мектептерін ашуға, француз тілін үйретуге, академиялық байланысты арттыруға бағытталған бірқатар келісімге қол қойылды. Біз мұны жоғары бағалаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Еске салайық, Франция Президенті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға келді. Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды деп жоспарланған. Айта кету керек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға былтыр жасаған ресми сапары аясында 35 құжатқа қол қойылған болатын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады: 12 желтоқсан 2024, 09:37 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде ауыс-түйіс жүргізді
Қоспаев ісі. "Никольский" базарын шетелдіктерге сатып жібермек болған
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
13 өңірге дауылды ескерту жарияланды
Астана - Челси ойыны: Алматыда қай көшелер жабылады?
Үкімет Ұлытау облысында мектеп салуға 1,2 млрд теңге бөлді
Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады: 12 желтоқсан 2024, 09:37 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қоспаев ісі. "Никольский" базарын шетелдіктерге сатып жібермек болған
Басым салалардағы жобалар: 25 мың жұмыс орны құрылады
8 жасар қазақ баласы шахматтан Азия чемпионы атанды
Алматы әкімдігі 2024 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі көрсеткішті жақсартты
Тоқаев Жапониядағы елшіні ауыстырды
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
"Дарын" сыйлығының иегерлері анықталды
Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісі тағайындалды
Қазақстанның Жапониядағы елшісі қызметінен босатылды
Тоқаев Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде ауыс-түйіс жүргізді
Үкімет: Елде 25 мың жұмыс орны ашылады
Қоспаев ісі: тәркіленген мүлік шетелдіктерге сатылмақ болған
Президент Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісін тағайындады
Қазақстанның Жапониядағы елшісі қызметінен босатылды