Алатау қаласының дамуы айқындалды

Елімізде жаңа Алатау қаласы құрылды. Оның жалпы ауданы – 88 мың гектар, қала халқының саны 52,7 мың адам. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.«ҚР Президентінің тапсырмасын іске асыру аясында Ұлттық экономика министрлігі Алатау қаласын құру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының („Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы“) жоспарын әзірледі. Жоспарға сәйкес, Ұлттық экономика министрлігі Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп экономикалық есептерді, жаңа қаланың схемалық картасын дайындау бойынша жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ халықпен жиын өткізіліп, соның негізінде Алматы облысы мен Іле, Талғар аудандары және Қонаев қаласы мәслихаттарының шешімі қабылданды. Жаңа қаланы құру жол желілері, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін модернизациялауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестицияларды, технологияларды, қосымша қаржы ағындарын тартуға, кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға, салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді», — делінген министрлік хабарламасында.Бұл өңірдің инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық тұрақтылығын жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар Үкімет АЭА (арнайы экономикалық аймақ) аумағын 30 мың гектардан 96,5 мың гектарға дейін кеңейту мен G4 City АЭА-ны Alatau АЭА-ға қайта атау туралы шешімді мақұлдады.Осылайша, Алатау қаласының барлық аумағы және Қонаев қаласының бір бөлігі АЭА аумағына жатқызылады. Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің басым түрі бойынша ЭҚЖЖ-ның (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) 17 атауы негізінде 110 мың жаңа жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 12,5 трлн теңгеге 170-тен астам жобаны орналастыру көзделіп отыр.Болжамды деректерге сәйкес, АЭА объектілері жобалық қуатына шыққаннан кейін бүкіл кезеңдегі бағаланған жиынтық үлесі 47,3 трлн теңге, оның ішінде мультипликативтік әсері 17 трлн теңге.Айта кетерлігі, мемлекеттік инвестицияның әрбір 1 теңгесіне 3,8 теңге жеке инвестиция тартылатын болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
АҚШ-та Мұхтар Мағауинды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті (ВИДЕО)
Ұлттық ұлан сарбазбары кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні ізін суытпай ұстады
«Жасына сай емес»: Купальниктегі Баян Мақсатқызы елден сөз естіді
Моңғолия халқы үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде
IX қысқы Азия ойындарының билеттері ресми сатылымға шықты
Діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды
Доллар бағамы қандай?
Лос-Анджелес отты қоршауда: жел өртті басқа бағытқа бұрды, қаза тапқандар саны артуда
ТЖМ басшысы әмбебап құтқару бөлімшесін ашты
Орталық Азиядағы ең үздік әскер
Бүгін - Дінмқхаммед Қонаевтың туған күні
Бүгін - Дінмұхамед Қонаевтың туған күні
Республикалық маңыздағы жолдың бір бөлігі жабылды
Бірінші сынып оқушысы ата-анасының атына несие рәсімдеген
Сарбаз әскери ант рәсімінде сүйіктісіне сезімін білдірді
2024 жылы 85 экстремистік қылмыс ашылды — ІІМ
Жамбыл облысында ТЖМ қызметкерлері ерекше құтқару операциясын өткізді
Шавкат жарақатпен де төбелесе алады: Шетелдік спорт журналисті қазақ файтері туралы айтты
Australian Open турнирінің бірнеше матчтары өтпей қалды
АҚШ-та Мұхтар Мағауинды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті (ВИДЕО)
Жазадан қашқан 15 қылмыскер шетелде ұсталды
ҚБТУ-дағы өрт: университет мәлімдеме жасады
ҚБТУ өртке байланысты түсініктеме берді
АҚШ-та Мұхтар Мағауинді ақтық сапарға шығарып салды