Алаяқтар жасанды интеллект арқылы адамның дауысын салып, интимді видео әзірлейді

Алаяқтар ақша бопсалау үшін жасанды интеллектті қолдана бастады. Оларға дауыс пен фото болса жеткілікті. Әп-сәтте сазға отырғызып кетеді. Жақындарыңыздан ақша сұрайды. Суретін интимдік видео істеуге пайдаланады. Керек десең, банк шоттарына еркін кіріп, бұғаттай алады. Адам өмірін жеңілдету үшін жасалған құрал, керісінше, қауіп төндіріп тұрған жоқ па? Құйтырқы әрекеттерді тоқтату үшін не істеу керек? Аружан Задабек айтады. Жасанды интеллект алаяқтар үшін пайда табудың көзіне айналды. Айласын асырып үйренгендер бұрыңғыдай дерегіңізді іздеп сандалмайды. Қазір бәрі оп-оңай. Сізге бейтаныс нөмірмен қоңырау шалады да, бірнеше минут үнсіз тұрады. Дауысыңызды жазып алып, артынан сіздің атыңыздан таныс, туыстарыңыздан ақша өндіреді. Желіге салған фотоңызды жүктеп, бір мезетте шешіндіре салады. Сөйтіп, интим әлімінің қалай жұлдызы болғаныңызды байқамай қаласыз. Екатерина СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бұл жерде қауіпсіздікті ескеру өте маңызды. Өйткені жасанды интеллект арқылы шекарадан өтіп, адамның жеке деректерін пайдалану арқылы арам пиғылдарын іске асырып жүргендер бар. Дауысты пайдаланып, туған-туыстарынан қарыз сұрайтындар көбейді. Халық сеніп қалады. Сөйтіп ақшасын береді. Алаяқтың арбауына түскендер аз емес. Оны депутаттар да, полицейлер де жасырмайды. Тек министрлік қана мойындамай отыр. Бұған дейін бірде-бір заңбұзушылық болған жоқ, - дейді. Жауаптының қызармай осылай үн қатқанын естіп, бетті бастым, қатты састым, тұра қаштым жалма-жан. Ғиззат БАЙТҰРСЫНОВ, ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ АКТИВТЕР ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Ақпараттық қауіпсіздік міндетті түрде сақталады. Кепілдік беремін. Иә, қазір адамды алдау үшін хакер болудың қажеті жоқ. Жасанды интеллектіні жіті меңгерсең болды. Бірақ жақында бұл батпанқұйырықтың да дәурені өтеді. Мәжіліс жаңа заң жобасын қарауды бастады. Соның нәтижесінде елімізде жасанды интеллект орталығы ашылмақ. Қуаты күшті суперкомпьютер де іске қосылуы мүмкін. Осы желі арқылы бассыздықтың жолы кесіледі, - дейді. Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Жасанды интеллектпен айналыспаған, оны дамытпаған мемлекет бәсекеге қабілетті мемелекет болып қалыптаспайды. Сондықтан қазіргі уақытта осы мәселемен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей айналысуда. Үкімет біраз жұмыс жүргізіп жатыр. Біз оны көріп отырмыз. Бірақ енді, әрине, бұл жаңа технология болғаннан кейін оны дамыту үшін, қолау үшін заңнамалық негіздеме керек. Хош, орталық ашылды делік. Мәселе осымен шешіле ме? Алдымен ол жерде кім жұмыс істейді деген сауалға жауап іздеу керек секілді. Өйткені бұған дейін салада маманның тапшы екені айтылған. Тіпті, Президенттің өзі осы тақырыпты көтеріп, түлектерді даярлауды тапсырды. Ростислав КОНЯШКИН, "ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Мамандарды қайта оқыту қажет. Жаңа тәсілдер арқылы даярлау маңызды. Жасанды интеллектті дұрыс пайдаланудың жолын көрсету керек. Жауаптылар мәселемен күресуді бастап кеттік, - дейді. Жыл сайын мың маман даярлауды жоспарлап отыр. Сол арқылы алдағы екі жылда салаға 1 миллиард доллар экспорттық кіріс кіргізуге ниетті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
Қысқы Универсиадаға кімдер барады?
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді