Алаяқтар ШҚО тұрғындарына 36 миллион теңге несие рәсімдеді

Алаяқтар Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына 36 миллион теңге несие рәсімдеді. Тарғын елдімекенінің 12 тұрғыны 6 жыл бойы құжаттарға қол қоймағанын және ақша алмағанын дәлелдеумен болған. Ұзақ уақыт мәселесін шеше алмай жүрген жұрт «AMANAT» партиясының көмегіне жүгінді. Табыс Абдулхақов пен Дарынхан Сәлімжанов несие мәселелерінің сәтті шешілгеніне әлі сене алар емес. Айтуларынша, о баста алаяқтардың қармағына түскенін білмей қалған. 2016 жылы оларды цифрлық базаға енгізу үшін деп алдап, құжаттарын алып кетіпті. Ал 2 жылдан кейін банктен әрқайсысына 3 миллион теңге көлемінде несие өтеу қажеттігі туралы хабарлама келген. Дарынхан СӘЛІМЖАНОВ, ТАРҒЫН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 6 жыл бойы біз ұйқы мен тыныштық дегенді білмедік. Банк үнемі несиені қайтаруды талап етіп, алқымымыздан алды. Мен мүгедектік бойынша зейнетақы аламын, ал ақшаның бір бөлігін банк ұстап қалып отырды». Табыс АБДУЛХАҚОВ, ТАРҒЫН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Құжаттарымыз бойынша мал сатып алуға несие алынған екен. Мұны банк қызметкерлі айтты. Біз бұл туралы мүлде білмедік, ақшаны да, малды да көрмедік. Бармаған жеріміз, баспаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмады. "AMANAT" партиясы ғана қолдау көрсетті. Олар бізге өтініш толтыруға көмектесті, алаяқтардың құрбаны болғанымызды дәлелдеді. Қапыда қарызға батып, сан соғып қалған тұрғындардың үй, көлік, малдарына бұғат қойылды. Тіпті, банк карталарынан еңбекақыларын да ала алмаған. Партиялықтар бұл істі мұқият зерттеп, халықты тақырға отырғызып кеткен алаяқтар тобымен байланысқа шықты. Марғұлан ӘМЕНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҰЛАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз оларға қарапайым адамдарды алдау арқылы байып, табыс таппайтындарын түсіндірдік. Олардан осы қарыздардың барлығын жабуды сұрадық. «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы бар. Осының аясында тұрғындардың қаржылық сауатын арттырудамыз. Олар арнайы курстардан өтеді. Қиын жағдайға тап болған 12 тұрғынның барлық мүлкінен бүгінде бұғат алынып тасталды. Дегенмен, аңқау елге арамза молдалар қоғамды жайлап барады. «Осы орайда «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы алаяқтардың қармағына түсіп қалмауға зор үлес қосады»,- дейді партия мүшелері.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Колледждер үшін қазақ тілінде 100 оқу құралы жазылады
Черчесов ағынан жарылды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды