Алаяқтар тараздықтардың 2 млн астам қаржысын алып кеткен

Таразда ер адам пластикалық терезе мен балкон орнатамыз деген желеумен тұрғындардың ақшасын иемденген, деп хабарлайды BAQ.KZ.Тараз қалалық полиция басқармасының 1-ші полиция бөліміне ықшам удандардың бірінің тұрғындары арызданған. Олар белгілі бір азаматтың арзан бағамен пластикалық терезелер мен балкондарды жасап, орнатып беремін деген желеумен олардың сеніміне еніп, ақшасын иемденіп, кейін түрлі сылтаулармен жалтарып немесе қоңырауларға жауап бермей жүргенін хабарлады. Пластикалық бұйымдарды орнатуы үшін тұрғындар оған 300-ден 585 мың теңгеге дейін қаражат берген. Сенген азаматтардан жиналған қаржы көлемі 2 130 000 теңгеден асады, - делінген хабарламада. Аталған дерек бойынша ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 23 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адам өз кінәсін толық мойындады, қазіргі уақытта келу туралы міндеттеме бойынша босатылды. Осы қылмысты жасағаны үшін Қылмыстық кодексте үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді