Алаяқтарға ешқандай жеңілдік жасалмауы керек – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде бүгін қоғамда өзекті болып тұрған тағы бір мәселеге тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.Мемлекет басшысы қазір көптеген азаматтарымыз алаяқтардың айласына түсіп, алданып қалып жатқанын айтты. "Сондықтан құқық қорғау органдары алаяқтарға қарсы табанды күрес жүргізуге тиіс. Оларға ешқандай жеңілдік жасалмауы керек. Себебі алаяқтардың жасаған әрекетінен халық зардап шегіп отыр. Мысалы, жақында бір туристік компания заңға бағынатын бір топ азаматты алдап, оларды қажылыққа жіберген. Енді, кінәсіз адамдар Сауд Арабиясының полиция учаскесінде қамауда отыруға мәжбүр. Осындай алаяқ компанияның заңға қайшы әрекеті азаматтарымыздың денсаулығына, олардың моральдық жағдайына және жалпы еліміздің беделіне үлкен нұқсан келтіріп отыр. Бұл жерде, әрине, адамдардың құқықтық сауатсыздығы да бар", - деді президент. Тоқаевтың сөзінше, енді мемлекетіміз, яғни Сыртқы істер министрлігі оларға барынша көмектесуі қажет. "Ал Ішкі істер министрлігі алаяқ компанияның басшылығын, қызметкерлерін заңға сәйкес жауапқа тартуға тиіс. Әділетті қоғам құрамыз десек, дәл осындай өзекті мәселелерді шешуіміз керек",-деді Президент.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
Орталық төңірегіндегі тартыс
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин кездесті
Сөмкенің бағасына пәтер алуға болады: Перизат Қайраттың гардеробына шолу
Садриддин Ахмедов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп шықты (видео)
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Бала сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Антикор басшысы Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті
14 желтоқсандағы валюта бағамы қандай?
АҚШ долларының бүгінгі бағамы жарияланды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Қарағандыда 12 жастағы өгей қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды
Тәуелсіздік мерекесіне орай полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz