"Алаяқтық заңмен қаралады". Димаш Құдайбергеннің атын жамылған кім?

Әнші Димаш Құдайбергеннің атын жамылып, елді сан соқтырып, ақша жинап жүргендер бар. Бұл туралы өнерпаздың әкесі Қанат Айтбаев "Нартай Аралбайұлына" берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Димаш Құдайбергеннің әлеуметтік желіде өткізген тікелей эфирінен кейін әншінің атын жамылып, белгілі бір есепшотқа қаражат жинап жатырмыз деген жарнамалар толып кеткен. Бірақ Қанат Айтбаев әлі ондай шағыммен ешкім хабарласпағанын жеткізді. "Өкінішке қарай, алаяқтар бар. Ондай алаяқтар бола да береді. Оны біз үнемі парақшамызда, баспасөз беттерінде жарнамалап айтып жүрміз. Бірақ, ақкөңіл, аңғал халық көп. Белгілі, танымал адамның бейнесі тұрса, соған сенетін кісілер бар. Соның атынан бірнеше күннен соң жойылып кететін өтірік парақша ашып, өзінің арамза істерін жүзеге асыратындар көп. Сондықтан көзі қарақты ағайыннан мән беріп, сақ болуын сұраймын" , - деді Қанат Айтбаев.Сондай-ақ, Димаштың әкесі мұндай істің заңмен қаралатынын да атап өтті."Әзірге ондай ойым бола қойған жоқ. Бірақ, қай нәрсенің де заң аясында жауапкершілігі барын әркім ескеруі керек. Сондықтан өтірікті шындай, шынды Құдай ұрғандай қылып, әңгіме айтып отыратын адамдар ойлану керек" ,- деді Қанат Айтбаев.Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің атынан жалған лотерея ұйымдастырғандар туралы жазған едік.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Оқушыларымыз IJSO халықаралық олимпиадада 100% нәтиже көрсетті
Ауа райына байланысты «Үшарал-Достық» автожолы жабылды
Қайтарылған активтердің 1,2 млрд теңгесіне Ұлытау облысында мектептер салынады
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
Отандық дизайнер алматылық жастарға қолдау көрсетуде
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Өмірдің мәні неде?
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Пластиктен сабын жасауға болады
Асату...
Теңгеден күш кетті...
Масктың байлығы 400 миллиард доллардан асты!
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеген
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды