Әлібек Әлденей: «Ұлы Дала Жорығын» ұлттық брендке айналдыру керек

Ертең екінші «Ұлы Дала Жорығы» басталады. Астанадағы «Қазанат» ипподромында сағат 17-00-де Республикалық ұлттық спорт түрлері фестивалі аясында командалардың таныстыруын өткізіп, 6 қыркүйекте сағат 14-00-де Қаражар ауылынан марафоншылар аттандырылады. Бұл туралы «JORYQ» ат спорты федерациясы Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Әлібек Әлденей өзінің Facebook парақшасында жазды.«Осы күндері маған телефон соғып, кездесулер кезінде «Ұлы Дала Жорығының» ерекшелігі неде, мақсаты не деп сұраушылар көбейді. Бұл қуантады, әрине. Аты да, заты да ерекше марафон-бәйгенің мән-мағынасы туралы қысқаша айтып кеткенді жөн көрдім. Біріншіден, әлемдік атжарыстардың ішінде ең ұзақ қашықтық 160 шақырымнан аспайды. 14 күн бойы 1300 шақырымды жүріп өтуге тек қазақ жылқысының шамасы жетеді. Ата-бабамыз Үстірттен Алтайға дейінгі алып аумақты атпен жүріп аралаған. Ендеше, бұл – нағыз қазақы жылқы тұқымын қайта жаңғыртуға серпін беретін жоба», - деп жазды ол.Сонымен қатар ол аталған марафон Қазақстанды ат спорты мен ат туризмінің отаны ретінде мойындатуға мүмкіндік беретінін айтты. «Екіншіден, адам баласының атты алғаш қазақ жерінде ерттеп мінгені, Ұлы көшпенділер мәдениеті барша адамзат өркениетіне әсер еткені – даусыз дерек. Ендеше, бұл – Қазақстанды ат спорты мен ат туризмінің отаны ретінде мойындатуға жол ашатын шара. Үшіншіден, марафоншылар Алаша хан, Жошы хан, Домбауыл, Оқшы ата, Бытығай, Укаша ата, Ясауи кесенелеріне атпен барып, зиярат етеді. Осылайша, біз Ұлы Даланың өткен тарихына, Қазақ мемлекеттігіне деген құрметті күшейтеміз. Ендеше, бұл – тек спорттық шара емес, мәдени-рухани жорық. Төртіншіден, 14 күндік алыс сапарға азаматтың азаматы ғана шыдайды. Бұл жолда адамгершілік, жауапкершілік, шыдамдық пен табандылық сияқты қасиеттер алға шығады, мінезге айналады. Ендеше, бұл – жастарды сөзбен емес, іспен тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Ендеше, оны халықаралық аренаға шығарып, ұлттық бренд ретінде қалыптастыруға ұмтыламыз», - деп жазды «JORYQ» ат спорты федерациясы Қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Головкиннің командасындағы қазақ боксшы Кличконың бапкерінен «қашып кетті»
«Актрисаға ұқсайды»: Жахан Отарғалиев үшінші рет шаңырақ көтерді
Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Мүфтияттың Ғұламалар кеңесі квадроберлерге қатысты үкім шығарды
«Алматы - Өскемен» автожолында 18 көлік соғылып қалды
Депутаттар ішкі істер министріне көлікті 5 минут қыздыру қисынсыз екенін айтты
Алматыда «Birlik» би ансамблінің концерті өтеді
ҚБТУ-дағы өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлер марапатталды
Ұшақта адамды өлімнен құтқарған студент марапатталды
«Әкеме көлік әпердім»: Ержан Максим байқаудан алған қаржылай сыйлықты қайда жаратқанын айтты
Маңғыстауда алып сәби өмірге келді
Ұшақта жолаушыны аман алып қалған жігітке "Құрмет" грамотасы табысталды
Төртінші баласына аяғы ауыр Аиша қазақша өлең оқып, көпшілікті тәнті етті
«Үш-төрт рет күйеуге тиген апа бақытты отбасы туралы айтады»: әзілкеш курс сататындарды сынады
«Беті мен ішінен ұрып, балағаттаған»: Жолаушы FlyArystan қызметкерін соққыға жықты
Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті
Астанада су тасқыны қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізілді
«Жаңа өмір»: Жахан Отарғалиев үшінші мәрте отбасын құрды