Алматы қаласындағы Кемел шағын ауданының тұрғындары олар тұратын аумақта медициналық көмек көрсететін мекеме жоқ екенін бірнеше жылдан бері көтеріп келеді. Биыл оларлың талап-тілегі орындалып, ауданда отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылмақшы. «AMANAT» партиясының мүшелері жаңа нысанға барды. Құрылыс партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы шеңберінде жүргізілуде. 25 қазанда пайдалануға беріледі. “Алдағы 2-3 жылдың ішінде мегаполисте тағы 11 жаңа медициналық мекеме ашылуы тиіс”-дейді депутаттар. Айгүл ҚҰСПАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: "Жол картамыз" бойынша тағы биыл 2 отбасылық амбулатория енгізіледі. Бұның бәрі қандай мақсатпен салынады? Адамдарға қолжетімді, сапалы, ыңғайлы амбулаториялар, поликлиникалар болу керек.Ерлан ҚҰДАБАЕВ, №21 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі кезде біздің емханаға тіркелген адамдардың саны 12 мың болатын болса, соның штат бойынша есептегеніміз 90 адаммен қамтамасыз етеміз. Егерде жылдың аяғына дейін қалған мына 22 мың халық бар дедік қой, соның 7-8 мыңнан көп тіркелетін болса, 140-қа дейін жұмыс орнымен қамтамасыз етеміз.