"Алдағы 3 жылда үй бағасы біршама көтерілуі мүмкін", - риэлтор

Алдағы 3 жылда баспана бағасы біршама көтерілуі мүмкін. Мамандар дәл қазір үй сатып алған тиімді дейді. Қытайдың ақшасына қызығушылық танытатындар күрт көбейіпті. Ал Ресей рубльіне сұраныс азайған. Осы және өзге де ақпараттар "Экономика" топтамасында. Алтыннан жасалатын зергерлік бұйымдар 4,9 пайызға қымбаттады. Неке сақиналары бір жылда 2,9 процентке, қол сағаттар 10 пайызға көтерілді. Бұған бағалы бұйымдардың өндірісінің қысқаруы себеп дейді мамандар. Өткен жылы компаниялар 1,2 млрд теңгенің бұйымын шығарған. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 17 процентке төмен. Арзан дүние қалмады. Тұрғын үй бағасы тағы қымбаттады. Жаңадан салынған баспананың бағасы 2,9 пайызға көтерілген. Мамандар алдағы үш жылда біршама өседі деп болжам жасауда. Соған қарамастан сатып алу мен сатуға қатысты келісім азаймаған. Алматыда жеке сектордағы үйдің бағасы аспандап кетті. Бұған жердің жиі сілкінуі себеп. Бірақ мамандар табиғи құбылыс бағаға әсер етпейтінін, біраз уақыттан кейін құны қайта қалыпқа келетінін айтты. Нина ЛУКЬЯНЕНКО, ҚАЗАҚСТАН РИЭЛТОРЛАРЫ БІРЛЕСКЕН ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Жер сілкінісінен кейін жеке сектордағы нысандарды сату мен жалдауға қызығушылықтың біршама артқаны байқалды. Осының аясында кей адамдар бағаны аздап көтерді. Бірақ, мұндай қызығушылық мәмілелерге еш әсер етпеді. Бұл жайт үй мен пәтер бойынша мәмілелер құрылымындағы үлестің қайта бөлінуіне айта қоярлықтай әсер етеді деп айта алмаймын. Қазір Қытай юаніне сұраныс артып жатыр. Өткен жылы ақша айырбастау пунктерінде аспан асты елінің валютасының сатылымы 5,3 пайызға өсіп, 11 млрд теңгеге жеткен. Басым бөлігін Астана, Алматы, Павлодар облысының тұрғындары алған. АҚШ-тың көк қағазына да сұраныс жоғары. Сатылымы шамамен 1,8 трлн теңге. Ал Ресей рублі керісінше төмендеуде. 4,1 млрд теңгеге ғана айырбастаған. Еуроның да сатылымы 28 пайызға азайды. 215 млрд теңгегені құрады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы беделді ат жарысында жеңіске жетті (ВИДЕО)
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Талғат Жайлауов кезекті рет "Барысқа" оралады
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды
Шығыс Қазақстан облысында аспалы жолдың тросы үзіліп кетті
Орташа жылдамдық айыппұлын салмас үшін не істеу керек?
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?