Қазгидромет синоптиктері 26-28 желтоқсан аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады. Циклон әсері Қазақстанның бүкіл аумағында сақталады. Осыған байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, көктайғақ болады, тұман түседі. Бұрқасын көтеріліп, желдің жылдамдығы 15-28 м/с дейін күшейеді. 26 желтоқсанда солтүстік облыстарда жел екпіні 30 м/с асады. Ауа температурасы кенеттен өзгермейді.