Синоптиктер 4-6 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды."Қазгидромет" РМК мәліметінше, Жерорта теңізінен соққан циклон Қазақстанның батыс және оңтүстік облыстарына жаңбыр әкеледі. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын болжанды. 5 және 6 сәуірде еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр, қар жаууы мүмкін.6 сәуірде Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі. Ел аумағында ауа температурасының көтерілуі немесе төмендеуі болжанбады.