Ұлттық статистика бюросы сайттағы баршаға қолжетімді мәліметтерді әлдебіреулер TikTok арқылы сатып жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.Ұлттық статистика бюросы stat.gov.kz ресми сайтында еркін қолжетімді деректерді саудалап жүрген TikTok аккаунтардың қызметін пайдаланбауды сұрайды.Әлеуметтік желіде тікелей эфир барысында ақша үшін «Мен сияқты қанша адам бар?» сервисіндегі деректерді хабарлау танымал болды. Эфирді ұйымдастырушы банк аударымы үшін телефон деректерін көрсетеді, ниет білдіргендер төлем жасаған кезде Қазақстан бойынша қанша аттасы бар екенін білу үшін есімін жазады. «Мұндай қызметпен айналысатындар өз әрекеттері үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескертеміз», – дейді ұлттық статбюродан.