Әбу-Дабиде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының соңғы күнінде белдескен балуандарымыздың барлығы бірінші айналымнан аса алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Қазақстан құрамасы Әду-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатын бір ғана қола жүлдемен аяқтады. Жарыстың соңғы күнінде түскен балуандарымыздың барлығы алғашқы айналымдарда ұтылып қалды. Әйелдер арасында аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Камила Берліқаш бірінші белдесуінде Тахани Альхактаниді ұтқанымен екінші айналымда қытайлық Шиян Сюйға ұтылып қалды. Ерлер арасында 100 келідегі Нұрлыхан Шархан бірінші кезеңде Дэниел Эйчқа есе жіберсе, аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев бахрейндік Азамат Чочаевтан жеңіліп қалды. Осылайша Қазақстан құрамасы бір ғана жүлдемен әлем чемпионатын аяқтап отыр.