Әлем чемпионы титулынан бас тартқан Головкинге міндетті қарсылас белгіленді

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) орта салмақтағы әлемнің «суперчемпионы» Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) міндетті қарсылас белгіледі. Қазақстандық боксшы кубалық «қарапайым» чемпион Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жұдырықтасып, белбеуін қорғауы тиіс, деп хабарлайды Sports.kz порталы.WBA өз ресурстарында жария еткендей, тараптарға келіссөз жүргізу үшін 15 күн беріледі. Мерзім 8 ақпанда басталып, 23 ақпанда аяқталады. Егер боксшылар осы аралықта келісіп үлгермесе, промоутерлік сауда жарияланады. «Спорт Шредингера» Telegram-каналы Г.Головкиннің адвокаты Джон Хорневердің сөзін келтіреді. «Геннадий спорттағы мансабын аяқтап жатқан жоқ. Ол фанаттар үшін барлық мүмкіндіктер арасынан ең жарқын жекпе-жек табуға тырысуда. IBF белгілеген міндетті қарсылас Фалькаомен келіссөз мерзімі келесі аптаның соңында аяқталады. Бірақ Геннадий ол уақытқа дейін күтпеуді шешті. Бұл айқас ақыры іске аспайтын болғандықтан Геннадий титулды босатып, қысқа уақытта басқасын ұйымдастыру мүмкіндігін беруді шешті. Еске сала кетейік, әуелде Головкин бразилиялық Эскива Фалькаоға қарсы айқасып, IBF титулын қорғауы тиіс еді, бірақ кеше GGG-дың бұл титулдан бас тартқаны белгілі болды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақ-қырғыз шекарасында 40 тоннаға жуық бұзылған шие анықталды
Тегінге талас: балмұздақ үшін адамдар жанжалдасты
Абай облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртеніп жатыр
Астанада фельдшерді пышақпен қорқытқан ер адамға үкім шықты
Құлсарыға көмек: "Самұрық-Қазына" қоры 7 миллиард теңге қаражат бөлді
Павлодарда трамвай вагонында өрт шықты
Астанада ер адам гүл сататын дүкеннің әйнегін сындырып, ұрлық жасаған
AMANAT: орман қорғау саласындағы кадрлар мен техника тапшылығы мәселесін қысқа мерзімде шешу қажет
Түркістандық оқушы еліміз бойынша ҰБТ-дан ең жоғары балл жинады
Семейде жоғалған қызды өлтірген анасы болуы мүмкін – полиция
"Жетісу" футбол клубының директоры жайында тың мәлімет жарияланды
Астанада мүгедектігі бар адамдар үшін 120-дан астам объект бейімделді
«Талдықорған – Өскемен» жолын жөндеу қашан аяқталады
«Өте қауіпті»: Баянауылда саңырауқұлақ пен жидек теруге тыйым салынды
Павлодарда трамвай вагонында өрт шықты
Елена Рыбакина Роллан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты
Астрономдар галактикадан қара тесіктер тапты
27 жыл жасырынған қауіпті қылмыскер Бельгияда ұсталды
Елордада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысы басталды
85 миллион: Антикор "Жетісу" футбол клубының директоры не үшін ұсталғанын хабарлады
Елімізде 40 градусқа дейін күн ысиды
Париж Олимпиадасына баратын қазақстандықтар не істеуі керек? Смадияров кеңес берді
Қазақстандық теннисші Италияда өтетін жарысқа жолдама алды