«Әлем экономикасында тұрақсыздық күшейді», - Президент

Әлем экономикасында тұрақсыздық күшейді. Жаһанда геосаяси қайшылықтар шиеленісе түсті. Бұның барлығы сауда-саттық пен мемлекеттердің дамуына кері әсер етіп отыр. Оның зардабын Таяу Шығыстағы оқиғадан-ақ аңғаруға болады. Сондықтан еліміз экономикалық санкцияларды қолдануға түбегейлі қарсы. Бұл туралы Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында айтты. Қырғыз елінде өткен жиында тағы қандай өзекті мәселелер талқыланды? Аружан Задабек толықтырады. Қазақстанның сауда айналымы 7 айда 4,4 процентке өсіп, 20 миллиард долларды құрады. Мұны одан әрі нығайтуға болады. Ол үшін бар болғаны қолда бар мүмкіндікті пайдалану керек. Қалай дейсіз ғой? Қасым-Жомарт Тоқаев сын-қатерді еңсеріп, табысты ынтымақтастықты нығайту үшін ТМД форматындағы белсенді ықпалдастықты жалғастыру керек, - дейді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Тығыз сауда-экономикалық байланыстарды дамыту негізгі міндет болып қала береді. Достастыққа мүше елдердің нарықтары біз үшін қашанда басымдыққа ие. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымының төрттен бірінен астамы ТМД мемлекеттерімен жасалды. Бұл оң динамика биыл да сақталып отыр. Еуропа мен Азия арасындағы құрлықтық-транзиттік тасымалдың 80 проценті Қазақстан арқылы өтеді. Сондықтан Президент көлік дәліздерін дамыту маңызды екенін айтты. Ол үшін инфрақұрылымды жаңғыртып, цифрлық шешімдерді енгізу керек. Осы тұстан Мемлекет басшысы ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағы арқылы өтетін күре жолдарды өзара ұштастыру тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Біз Транскаспий көлік бағытын, «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізін одан әрі дамытуға, сондай-ақ «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» теміржолының мүмкіндіктерін толыққанды пайдалануға айрықша мән береміз. Қазақстан «Достық – Мойынты», «Бақты – Аягөз», «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол жобаларын тезірек іске асыруды көздейді. Қазір ТМД-ға мүше бірқатар мемлекеттің экологиялық ахуалы нашарлаған. Шөлге айналу қауіпі де бар. Сондықтан бұл проблеманы елеусіз қалдыруға болмайды. Мемлекет басшысы күш-жігер жұмылдырмай, Еуразия кеңістігіндегі экологиялық катаклизмдердің салдарын еңсеру мүмкін емес, -дейді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Басты мақсат - экономиканы дамыту. Бұдан бөлек, 2050 жылға қарай климаттағы өзгеріс салдарынан бес миллиардтан астам адам су тапшылығына ұшырауы мүмкін. Қазірдің өзінде Орталық Азия елдері Жер шарындағы орташа температураның көтерілуіне байланысты күрделі проблемаларға тап болып отыр. Жиында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселесіне айрықша мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше елдер арасындағы көпжақты ықпалдастықта орыс тілі ерекше рөл атқаратынына тоқталды. Сондай-ақ келер жылды ТМД-да Волонтерлік қозғалыс жылы деп бекітуді қолдайтынын айтты. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Қазақстан әділеттілік қағидасын ұстанады. Еліміз 2020 жылды Волонтер жылы ретінде атап өтті. Еріктілердің ізгі амалдары қоғамымызда тілеулестік, мейірімділік және жанашырлық қасиеттерінің терең тамыр жаюына елеулі үлес қосады. Мұндай адамгершілік талпыныстарға жан-жақты қолдау көрсету маңызды. Сөз соңында Президент сауда кедергілерін жойып, қолайлы тарифтік жағдай жасау, әкімшілік рәсімдерді жеңілдету маңызды, - деді. Ол үшін ТМД-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастықты нығайтып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару керегін айтты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
СҚО-дағы спорт мектебіндегі өртке қатысты ТЖМ мен білім басқармасы пікір білдірді
Өткен жылы Қарулы күштерде 50-ден аса модульдік ғимарат пайдалануға берілді
Газ техникалық КММ-сі қала тұрғындарына газ жабдықтарын  қауіпсіздік ережелеріне сай қолдануға шақырады
Тірідей жанып беткен бес баланың анасы бес жылға сотталды
Қанат СЕРІКҰЛЫ: Арманым ақиқатқа айналды
2024 жылы алматылық 13679 отбасы  үй алды
Қала құрылысы ережелері және әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету
Сейсмикалық қауіпсіздік – Алматының басты басымдықтарының бірі
Алматыдағы реновация бағдарламасы: ескі үйлердің орнына жаңа баспана
Алматыда былтыр жолаушылар көлігі жүргізушілерінің кінәсінен 6 адам қаза тапты
Тұрғын үй заңнамасын реформалау және «Отбасы банкінің» жаңа рөлі
Қазақстанда рекордтық тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылуда
Еліміздің бес өңірінде әскери қызметшілерге арналған жаңа үйлер салынып жатыр
Өткен жылы Қарулы күштерде 50-ден аса модульдік ғимарат пайдалануға берілді
Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру жобасы жылдың екінші жартысында іске қосылады
Алматыда өткен жылы қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді
Мектеп көп пе, мешіт көп пе?
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асырылуда
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жоба іске асырылуда
Сотталған жасөспірімдер де ҰБТ тапсырады
Алматыда №98 бағытта жаңа электр автобустары жүре бастады
Шенеунікті ара шағып өлтірді
Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды
Қазақстанның ТМККК пакеті шет елдердегі медициналық көмектің тегін тізбесінен едәуір асып түседі