Әлем шоколадсыз қалуы мүмкін

Биыл жаһандық инфляция төмендеуі мүмкін. Былтыр көрсеткіш 6,8 процент. Ал биыл меже 5,8 процентке дейін кемуі тиіс. Бірақ мамандар ахуалдың оңалуына кері әсер ететін қауіп-қатердің барын жасырмайды. Бұл әлемдегі геосаяси ахуалмен байланысты. Өйткені мұның бәрі тауар тасымалын қиындатады. Осының кесірінен логистикалық шығындар артып, баға өсетіні анық. Иә, инфляцияның салдарынан қазір көп елде азық-түлік бағасы шарықтап тұр. Әлемдік сарапшылар биыл әсіресе шай мен шоколад бағасы күрт қымбаттайды, дейді. Бұл туралы 24.КZ. хабарлайды. «Дүниежүзі 2040 жылы шоколадсыз қалуы мүмкін», - дейді әлемдік сарапшылар. Оған басты себеп климаттың өзгеруі. Шоколад пен климаттың қандай байланысы бар? Какао өндірісіне не әсер етеді? Жаһандық жылынудың әсерінен 2030 жылға қарай какао ағашын өсіру тиімсіз болады. Қазірдің өзінде кей африкалық және индонезиялық фермерлер какао бұршақтарын өсіруден бас тартып жатыр. Халықаралық какао ұйымының мәліметінше, кейінгі 40 жылда шоколад ағаштарын өсіруге жарамды аумақтардың ауданы 40%-ке азайды. Тағы 40 жылдан кейін Гана мен Кот-д’Ивуардағы орташа температура 2 градусқа көтеріліп, шоколад индустриясы тоқтауы мүмкін. Өйткені, бұл екі ел әлемдік какао экспортының 70%-ін қамтиды. Ал болжам жыл сайын какаоға сұранысты арттырып жатыр. Әлемдік биржалардағы какао бұршақтарының құны ақпан басында 6000 долларға жетті. Яғни жыл басынан бері бір жарым есе өскен. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 130 процентке көп.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жазушы Мұхтар Мағауиннің жаназасы мен жерлеу рәсімі АҚШ-та өтеді
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
"37 пайызға дейін су үнемдеу": Министрлік мажарлық препарат сынағын жариялады
Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден Тунисте өтетін Гран-при кезеңіне қатысады
Батыс Қазақстан облысында бірнеше жол жабылды
БҚО-да құтқарушылар іздестіру-құтқару операциясын сәтті өткізді
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Мұрат Нұртілеу Мажарстан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Алаяқ Ақтау тұрғындарын 90 млн теңге шығынға батырды
Жамбыл облысында тұрақты діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Сәтбаев қаласына аспаннан қар емес, күйе жауды
19-қабаттан құлаған жігіт аман қалды