Әлемде 200 млн ересек адам вейпті қолданып көрген

Қалай дегенмен де, электронды темекіге сұраныс бар. Әлемде 200 млн ересек адам жылына кемі бір рет осы өнімді қолданып көрген. Тағы 30 млн бозбала вейпті тұтынып көрген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері осылай дейді. Әсіресе, Солтүстік Америка, Еуропа мен Шығыс Жерорта теңізі аймақтарында шылымның бұл түрі кең таралған. Бірақ көп ел қауіпті өнімге толық тыйым салған. Кейбірі біртіндеп бас тартып жатыр. Түркияда вейпке тыйым бар Электронды темекіден түбегейлі бас тартқан ел – Түркия. Мұнда осыдан 4 жыл бұрын электронды темекінің кез келген түрін өндіруге, сатуға тыйым салынды. Әлемдік ірі компаниялардың түрік нарығына кіруіне де тосқауыл бар. Шет елден келуші туристерге талап ортақ. Заңға қайшы әрекет еткенге 3500 лира көлемінде айыппұл салынады. Үндістанда шылым шегушілерге жаза қатаң Темекіге тыйым салған тағы бір ел – Үндістан. Мұнда 5 жылдан бері электронды шылымды өндіруге, жарнамалауға, импорттауға, сатуға әрі таратуға қатаң шектеу қойылған. Құқықбұзушы 130 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеуге міндетті немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Елде зиянды өнімге тыйым салынғанына қарамастан, заңсыз сауда жасаушылар тыйылмай тұр дейді сарапшылар. Корольдікте вейпқұмар оқушылар көбейді Биылдан бастап Ұлыбританияда бірреттік электронды темекіні сатуға тыйым салынды. Кәмелет жасына толмағандарға электронды шылымның ешқайсысы сатылмайды. Соған қарамастан, Корольдікте вейпқұмар бозбалалар қатары артқан. Соңғы зерттеуге сәйкес, мұнда 11 мен 18 жас аралығындағы балалардың 20 проценті вейптің дәмін татып көрген. Майк Маккин, балалар дәрігері: - Вейпинг өскелең ұрпақ арасында эпидемияға айналып барады. Жуық арада нақты шара қолданылмаса, жағдай күрделене түсуі мүмкін. Қазірдің өзінде электронды темекінің кесірінен тыныс алуы қиындаған балалардың саны күннен-күнге артып келеді. Бельгияда вейпке тыйым салынады Бельгия билігі электронды темекі мен бір реттік вейп сатылымына тыйым салуды көздеп отыр. Жаңа заң келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енеді. Соған сәйкес бұл өнімдерді дүкен сөрелеріне қоюға және онлайн саудалауға шектеу қойылады. Үкіметтің мұндай шешім қабылдауына жастардың электронды шылымға тәуелділігі әсер еткен. Соңғы 5 жылда әлем елдерінде вейп қолданушыларының саны 25% өсіпті. Көрсеткіштің алдын алу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаһан жұртын электронды темекі жарнамасына тыйым салып, салық төлемдерін арттыруға шақырып отыр,-деп хабарлайды 24.kz. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қарағандылық жолшылар жүк көлігін апаттан құтқарды
Щучинскте монша өртенді
Семейде бас шыршаның шамын жағу рәсімі кейінге қалдырылды
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға оралды
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады