Әлемде алғаш рет бауыр қатерлі ісігінің соңғы сатысындағы науқас аман қалды

Гонконг университетінің дәрігерлері әлемде бірінші болып бауыр обырының соңғы сатысындағы науқасты аман алып қалды. Kazinform агенттігі бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.Standard газетінің хабарлауынша, ер адамға бұл аурудың соңғы, төртінші сатысы диагнозы 2022 жылдың қарашасында қойылды. Оның бауырында көлемі 18,2 см ісік анықталды, ал метастаздар жақын орналасқан тамырларға еніп үлгерген. Сонымен қатар өткір циррозға байланысты оған да тұрақты түрде ауруханаға барып тұру қажет болды. Дәрігерлер алдымен ісікті отаға жарамды мөлшерге дейін азайту үшін алты ай бойы арнайы терапия жүргізді, содан кейін одан пайда болған тамырда тромб түзілуінің алдын алды. Тамыз айында оған ұлының бауырының бір бөлігін ауыстыру отасы сәтті өтті. Медициналық мекемеде ұзақ бақылаудан кейін ер адам ауруханадан шығарылды: қазіргі уақытта обырдың бірінші сатысына жататын 1,5 см ісік әлі де бар, бұл ретте алынған сынамалар обыр жасушаларының қалыптасу процесі жоқ екенін көрсетті. Бұл ісіктерді кішірейту және трансплантациялау арқылы асқынған бауыр обырын сәтті емдеудің әлемдегі алғашқы жағдайы болды. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта ұқсас диагноз қойылған 100 науқас емделуде, терапия нәтижесінде 40%-ында қатерлі ісік жасушаларының толық жойылғаны тіркелді, ал 10% -дан астамына қазір бауыр трансплантациясы отасын жасауға болады. Дәрігерлер қазір емдеу әдістемесін жеңілдетіп, Гонконг үкіметінен қажетті дәрі-дәрмекке субсидия бөлуді сұрап жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады