Әлемде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

Мальдив аралдарында жұқпалы аурулар өршіп тұр. Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық туристерге ескерту жасады. Сондай-ақ, АҚШ пен Грузия, Индияға да баруға асықпаңыз. Аптап ыстық пен толассыз жауған жауын-шашын демалысыңыздың шырқын бұзуы мүмкін. Сонда қайда баруға болады? "Жер-жаһан" айдарында Аружан Задабек айтады. Қайырлы кеш, көрермен! Өзім де қайда барарымды білмей, нақты шешім қабылдай алмадым. Бар жиған-тергеніммен Мальдив аралдарын көріп қайтамын деп жоспарлаған едім. Бірақ мына ақпарат менің серпілісімді су сепкендей басты. Қазір бұл аймақта қауіпті ауру тарап жатқан көрінеді. Атауы – Чикунгунья. Қарапайым тілмен айтқанда, масаның шағуы арқылы тарайтын вирус.  ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:Чикунгунья белгілері маса шаққаннан кейін 3-7 күн өткен соң білінеді. Ең көп таралған белгілері – қызба және буын ауруы. Бас ауруы, буындардың ісінуі немесе бөртпе сияқты басқа белгілері де болуы мүмкін. Мүмкін Үндістанға барармын? Бірақ қазір бұл елде де жағдай мәз емес. Аптап ыстық тұрғындарға маза бермей тұр. Қазірдің өзінде ондағы ауа температурасы 50 градустан жоғары. Салдарынан ауруханаға түскен науқас көп. Мамандар қатты ыстықтың соңы өртке ұласуы мүмкін дейді. Амрута НОРИ-САРМА, САРАПШЫ:Ыстыққа байланысты өлім-жітім саны өседі. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты түрлі ауру тарап жатыр. Жедел-жәрдемге хабарласқан халық көп. Ал Грузияда бірнеше күн бойы төпелеп жауған жаңбыр соңы тасқынға ұласты. Салдарынан бірнеше елдімекендегі үйлер қирап қалды. Көпірлер бүлініп, электр сымдары үзілген. Қызыл су егістік алқаптарын да шайып кеткен. Қазір апат аймағында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Шығын көлемі есептелуде. Бразилияда да осыған ұқсас жағдай. Алапат тасқынының кесірінен шаруалар шығынға батты. Мыңдаған мал қырылды. Табиғи апаттан бас-аяғы 6500 ферма зардап шеккен. Идите ДЕ АЛМЕЙДА, ФЕРМЕР:Көп нәрсе жоғалттық. Үйсіз қалдық, кейбірі жақындарынан айырылды. Егістігін су алып, жұмыссыз қалған адам көп. Елде күріш, соя тапшылығы байқала бастаған. Қысқасы, осы демалысты елдегі демалыс орындарында өткіземін деп шештім. Шетелден аспаса, кем емес. Айтпақшы, әлемде айтылмаған тағы бір мәселе бар. 2100 жылға қарай 23 елдің халқы екі есе азаюы мүмкін. Әсіресе, Италия, Оңтүстік Корея мен Жапонияда халық саны 61 миллионнан 28 миллионға дейін күрт төмендейді деген болжам бар. Әзірге менде осы. Келесі аптада жүздескенше!  

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Отбасына керек»: Шырша сәндеймін деп құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығатын болды
Алматылықтарды 3,7 млрд теңгеден астам сомаға алдаған күдікті Ресейде ұсталды
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
Оралда телефон ұрлап, 6,5 миллион теңге жымқырған күдікті ұсталды