«Діндер съезінің хатшылық отырысы еліміздің дамуына серпін береді. Өйткені бұған ұқсас іс-шара өзге елде жоқ». Сарапшылар осылай дейді. Текетірестер күшейген тұста мұндай бас қосулардың маңызы зор екенін айтады. Бірнеше күннен кейін Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ХХІ хатшылық отырысы өтеді. Үш жыл сайын өтетін шарада "2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы» талқыланып, қабылданады. Оған әлемнің бірнеше елінен делегаттар және дәстүрлі діндер өкілдері келеді. Қасқырбек ҚАЛИЕВ, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ: Бұл былтырғы өткен, 2022 жылғы съездің жұмыстарын, сонын қорытындылау, жұмыстарын жүзеге асыру туралы мәселелер талқыланады. Бұл съездің хатшылығында съезді жетілдіру, дамыту жөніндегі ұсыныстар мен талқылаулар жасалатын болады.