Ташкентте өткен спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Нариман Курбанов алтын жеңіп алып, ат снарядында жиған ұпайы бойынша рекорд орнатты, - деп жазды msports.kz.Іріктеу кезеңінде мен жаңа рекорд орнатып, 15.666 ұпай алдым. Әлемде мұндай ұпайды әлі ешкім алған жоқ. Финалда да жақсы ұпай жинадым – 15.600. Қарсыластарымнан оқ бойы озып кеттім. Азия чемпионаты алдында қойған мақсат толығымен орындалды. Команадаға мейілінше көп ұпай, өзіме алтын медаль алдым. Бұл Азия чемпионаты Олимпиадаға іріктеу саналғандықтан, гимнастикалық ат снарядында құрлықтың кіл мықтылары бақ сынады. Бәсекелестік өте жоғары болды. Алайда, менің үш басты қарсыласым іріктеуде қате жіберіп, финалға өте алмады. Олардың қатарында Олимпиада жүлдегері Ли Чи Кай бар. Финалда мен бар күшімді салдым, өйткені, Азия өкілдері Олимпиада жүлделерінің басым бөлігін алатындықтан, бар әлем бізді бақылап отырды. Енді Болгарияда тағы бір турнир өтеді. Бұл жарыс Олимпиадаға дайындық кезеңінің бір бөлігі ретінде болмақ», - деп береді Курбановтың сөзін Olympic.kz.