Әлемдегі 7 миллиард адамның 900 миллионы өздерін ерікті санайды

Елімізде ерікті жастардың қатары күн санап артып келеді. Олардың арасында қоғамдық орындарда жүріп, көмекке мұқтаж жанға қол ұшын созуды сұрайтындары да бар. Бұл қаншалықты дұрыс? Оның рас әлде жалған екенін қалай білуге болады? Әріптесім Сүндет Оралбеков эксперимент жасады. Сүндет ОРАЛБЕКОВ, ТІЛШІ: Бүгінде қоғамдық орындарда қолына қорап алып, мүмкіндігі шектеулі жандарға, науқас балаларға көмек сұрап жүргендерді жиі кездестіруге болады. Мен де солардың бірі ретінде жалған ақпарат жабыстырылған қораппен, қоғамдық көлікке мініп көрмекпін. Сүндет ОРАЛБЕКОВ, ТІЛШІ: Байқағандарыңыздай, менен ешкім құжат сұраған жоқ. 2 сағатқа жуық қоғамдық көліктерде жүргізген экспериментімнен жиналған қаржы бар болғаны осы-ақ. Шынын айтқанда, жұрттың барлығы бірдей көмек қолын созуға құлықты емес. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Көрінгенге бере бермеймін. Бірақ жаңағы рекламасы барларға беремін. - Былай жүрген кісілерге сене бермеймін. Қор болу керек қой дұрысында. Сол қорға жинауға можно. - Өзім ондайға сенбеймін. Олай жүруі мүмкін емес қой волонтерлар деген. Ал волонтер Жанат Ерденова көшеде жүрген кейбір алаяқ еріктілердің кесірінен біздің де абыройымызға нұқсан келеді дейді. Жанат ЕРДЕНОВА, ВОЛОНТЕР: Ақшаны көшеде жинап, автобуста, остановкада, сауда үйлерінде дұрыс емес деп ойлаймын. Оларды волонтерлар деп өз басым айта алмаймын. Қазір бізге де нұқсан келіп жатыр. Біз қор ашқанда кейбір кісілер сенбейді. Өзін еріктімін деп таныстырғанның барлығы шынайы емес. Біреудің атын жамылып, жинаған жылуды өзіне жарататындар да бар дейді қоғам белсендісі Айша Құрманғали. Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Алаяқтардың пиғылынан кейде шын волонтерға сенбей қалатын жағдай болады. Соның салдарынан нағыз көмек керек адамға көмек көрсетілмей қалуы мүмкін да. Әлеуметтік желілер арқылы аяқ астынан телефон нөмірін қойып, картаның нөмірін қойып, осындай біреулердің қиналып жатқан балаларының жаңағы, әртүрлі жағдайдағы балалардың фотосын қойып, төсек тартып жатқан бір кісілердің суретін қойып ақша жинау бір үрдіске айналып бара жатыр. Алайда полицияға еріктілерге қатысты бір де бір шағым түспеген. Нұралы ТӘҢІРБЕРГЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Мүмкіндігі шектеулі жандар мен мүгедектерге ақша жинайтын волонтерларға қатысты 2023 жылдар аралығында арыз-шағым тіркелген жоқ. Егерде осындай фактілер анықталған жағдайда, оларға қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекстің 190-ыншы бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалады. Сүндет ОРАЛБЕКОВ, ТІЛШІ: Мамандар еріктімін деп қорап ұстағаннан алдымен құжат сұрауға кеңес береді. Көмекке мұқтаж науқастың диагнозын растайтын тиісті дәлел болуы керек. Сауапты іске асығамын деп, алаяқтың құрбаны болмаңыз. С. Оралбеков

Читать источник astanatv.kz/kz/
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетуді тапсырды
“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды