Әлемдегі ең бай адам Бернар Арно АҚШ экономикасының әлсіреуі сән-салтанат заттарына сұранысты төмендетеді деген қауіптен бір күнде өз дәулетінен 11,2 млрд доллар жоғалтты. ҚазАқпарат бұл туралы NDTV.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.Louis Vuitton, Moet & Chandon және Christian Dior сынды сауда маркалары енетін LVMH француздық трансұлттық компаниясының негізін қалаушы Б.Арноның байлығы 2023 жылы қарқынды өсімді көрсетті. Себебі сән-салтанат заттарын шығаратын еуропалық компаниялар акцияларының құны да бірден артқан болатын. Алайда, сейсенбі күні жағдай аздап өзгерген. Парижде LVMH акциялары 5% арзандаған (бір жылдағы ең жоғары көрсеткіш). Солайша, сән-салтанат заттарын шығаратын еуропалық сегмент бір күнде жалпы 30 млрд доллар жоғалтқан. Дегенмен, Bloomberg миллиардерлерінің индексіне сүйенсек, акциялардың аталған құлдырауынан Б.Арноның дәулеті бұрынғыша 191,6 млрд долларды құрайды. Биыл оның қазынасы 29,5 млрд доллармен толыға түскен. Айта кетейік, Бернар Арно мен ғаламшардағы екінші дәулетті адам Илон Масктің байлығы арасындағы алшақтық 11,4 млрд долларға қысқарды.