Әлемдегі ең үлкен кеме алғашқы саяхатына аттанды: Экологтар дабыл қағуда

Әлемдегі ең үлкен круиздік кеме Icon of the Seas өзінің алғашқы жеті күндік Кариб теңізі саяхатына аттанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. Кеменің ұзындығы – 365 м, бұл әлем бойынша рекордтық көрсеткіш. Салыстыру үшін, аты аңызға айналған Титаник 100 метрге дерлік қысқа (269 м), ал АҚШ әскери-теңіз күштерінің ең ірі ұшақ тасығыш кемесі Джералд Р.Фордтың ұзындығы 333 метр.7600 жолаушыны қабылдай алатын кемеде 40-тан астам мейрамхана мен кафелер бар. Сондай-ақ кемеде тропикалық өсімдіктер өсетін шағын саябақ, театр, караоке, теннис және волейбол алаңдары, балаларға арналған аттракциондар мен аквапарк бар. Финляндия жасалған алып кеменің құрылысына 2 миллиард доллар жұмсалған. Кеменің қозғалтқыштар сұйытылған табиғи газбен (LNG) жұмыс істейді. Экологтар кемеде отынның бұл түрін пайдалану атмосфераға метанның таралуына әкелетінін айтып, сынға алды. Экологтардың айтуынша, қазіргі сұйытылған табиғи газдың 85-95% метаннан тұрады. Сондықтан сұйытылған табиғи газды пайдаланған кезде метанның атмосфераға ағып кету ықтималдығы артады, ал метан көмірқышқыл газына қарағанда әлдеқайда қауіптірек. "Бұл дұрыс емес. Біздің есебімізше, сұйытылған табиғи газды теңіз отыны ретінде пайдалану кеменің қызмет ету мерзімі ішінде атмосфераға парниктік газдардың кәдімгі теңіз газойлымен жұмыс істейтініне қарағанда 120%-ға көп түсуіне әкеледі", – деді таза көлік жөніндегі халықаралық кеңестің (ICCT) теңіз бағдарламасының директоры Брайан Комер. Алайда кеме иелері Royal Caribbean компаниясы Icon of the Seas кемесінің заманауи теңіз көлігі ережелері талап еткеннен 24 пайызға көбірек энергия үнемдейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ компания 2035 жылға қарай нөлдік шығарындылары бар кеме ұсынуды жоспарлап отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дзюдодан ұлттық құрама Токиода жаттығуын бастады
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Олимпиадаға іріктеу жолында Қазақстан Исландиямен кездеседі
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Шыңдағы рух күші: алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті
Екі облыста жол жабылды
Қазақстандағы инклюзивті қоғам: даму жолдары мен болашағы
«Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Шығыстағы шалғай ауылдарға шағын мектептер салынады
Доллардың бүгінгі бағамы
Екібастұзда этнос өкілі оқушыларға музыка арқылы қазақ тілін үйретіп жүр
16 желтоқсанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды