Тастанды бала. Безбүйрек ана. Бұл да қоғамдағы ауыр мәселе. Сәбиді қоқысқа тастау әдеті белең алып барады. Жыл басынан бері ата-анасы қажет етпеген бала далада қалған. Өзекті мәселеге орай әріптесім Ақбота Базарбай әлеуметтік эксперимент жасады. Көрейік.Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Соңғы 2-3 жылда дәретханаға, көшелер мен қоқыс жәшіктеріне кішкентай бейкүнә сәбилерін қалдырып кететін қатігез аналар туралы көп еститін болдық. Туған баласынан бас тартқандардың әрекетін сіз қалай қабылдайсыз? Көшеге құнтақтағы нәрестесін тастап кетіп бара жатқан әйелдің әркетін көрсеңіз сіз не істейсіз? Бүгінгі әлеуметтік эксперимент осы жайында болмақ. Өкінішті, көп адам нәрестені көрсе де, көрмегенсіп кете берді. Көптің назарын жалғыз жатқан нәрестеге аудару осыншалықты қиын болады деп ойламадым. Эксперимент кезінде сәбидің жанынан өткен қаншама адамның ішінен бірен-сараңы ғана тоқтап, қайырылды. Шырылдап жылаған шақалаққа бей-жай қарамай, қолдан келгенше көмегін ұсынып, ақыл айтты. - Жаным-ау осындай да бола ма екен. Қой, ал балаңды, ал балаңды. -Кімдікі? -Жылап жатыр ғой бала. -Керек қылған адам ала ма деп...- Ой сен қалдырып кеттің бе? Жана ғана туған бала ма? - 1 ай болған жоқ әлі. - А сен бұрын қарадың ба оған? - Сіздікі ме? -Қимылдамайды ғой. - Детдомға беретін, детдомға беретіндерге. Полицияға апарсайшы, полицияға. Жүр апарайық, детдомға сдавать етейік, отказной бересің болды. - Олар қарай ма? - Қарайды, детдомға сдавать етейік жүр. Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Бұндай оқиғаның көбейіп кетуі -руғани байлықтың аздығы, Рухани байлықтың аздығы иманның жоқтығы. Жастар ойланайық, қоқыс жәшігін кішкентай нәрестелердің бесігіне айналдырмайық.