«Әлеуметтік әмияннан» мемлекеттік қолдаудың барлық түрін алуға болады

ЕGov платформасындағы «Әлеуметтік әмиянда» мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары қолжетімді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. «Еңбек министрлігімен бірлесіп, отбасының әл-ауқатын 80 өлшем бойынша бағалауға мүмкіндік беретін отбасының цифрлық картасы құрылды. «Әлеуметтік әмиян» платформасы мектептерде тегін ыстық тамақпен және дәрілік заттармен қамту үшін пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары eGov платформасы арқылы «Әлеуметтік әмиянда» қолжетімді. Қазір онда 13 миллион қолданушы бар», - деді Бағдат Мусин министрліктің кеңейтілген алқа отырысында. Бизнес бойынша Премьер-Министрдің жетекшілігімен «Таза парақтан реттеу» реформасы жүргізіліп жатыр. 2022 жылы тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде бизнес субъектілерін мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың 42 саласы автоматтандырылды. Яғни, қазір осы 42 бағыт бойынша ешкім тексеру жоспарларын қолмен жасамайды. Ал биыл 36 сала цифрландырылады.«Біз бизнес үшін eGov құрдық. Бұрын бірінші басшының қаржылық және басқа да операцияларды жүргізуінде проблемалық мәселелері болды. Кеңселерде жүргізілген операциялар оның хабарынсыз жүргізілетін. Мысалы, көптеген кәсіпорындарда онлайн сатып алу, сауда-саттық, есеп беру, қолма-қол ақша алу және басқа да операцияларды бухгалтер немесе қаржы менеджері жүзеге асырады, олар басшының электронды-цифрлық қолтаңбасын пайдаланатын. Енді мобильді қосымшада басшыға қызметкер жасағысы келетін операцияны растау үшін SMS келіп түседі», - деді Б. Мусин.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістан облысында шағын авиацияны дамыту жолдары қаралды
Қазақстанда қыста мопед айдауға бола ма?
Балқаш көліне 4 млрд текше метрге артық су жіберілді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Түсіп қалған тістердің орнына жаңасын өсіретін дәрі бар
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді
Семейде мұғалімдерді шырша безендіруге тартқандар жауапқа тартылады
“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған
Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
Балқашқа былтырғыдан 4 млрд текше метр артық су жіберілді
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды