Әлеуметтік жатақханада қандала қаптап кетті

Қостанайдағы әлеуметтік жатақхана тұрғындары зиянкес жәндіктердің зардабын тартуда. Олар дер кезінде дезинфекциялық тазалау жұмыстары атқарылмайды деп шағымданады. Ал шаһар билігі тоқсан сайын паразиттермен күрес шарасы жүргізілетінін айтып отыр. Қансорғышқа таланған тұрғындармен тілшіміз Заңғар Санай тілдесті.Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: Әлеуметтік жатақханада әлеуметтік осал топтағы 62 отбасы тұрады.Олар қаптаған қандаладан қалай құтыларын білмейді. Әсіресе бесінші қабат тұрғындары зиянкес жәндіктерден қатты зардап шегіп отыр. Бұл жерді паналайтындардың көбі тар бөлмесін тазаламайды. Солардың салақтығынан сан түрлі паразит қаптап кетті дейді жатақхана коменданты. Меруерт КӨПЕНОВА, ЖАТАҚХАНА КОМЕНДАНТЫ: Адамдар өздері кінәлі. Нәрсенің бәрін сырттан әкеледі.Сосын жиналмайды бөлмелері. Коридор, кухня таза болмайды. Неше түрлі тастайды. Бірақ тұрғындар дер кезінде дезинфекциялық тазалау жүргізілмегендіктен, қандала қаптады деп отыр. Олеся Горбатовская төрт жылдан бері ешқандай кешенді шара қолданылмағанын айтады. Олеся ГОРБАТОВСКАЯ, ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНЫ: Ешқандай дезинфекция болған жоқ. Ал тұрғындардың қоқыстан зат тасып жүргенін көрген емеспін. Қандала көп.Өзіміз неше түрлі заттар сатып алып, күресіп жатырмыз. Тұрғын үй қатынастары бөлімінің маманы тоқсан сайын тиісті шаралар жүргізіледі деп сендірді. Қандаладан арылу үшін тұрғындар түзден ескі зат тасымау керек. Руслан АХМЕТЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ: Тұрғындардың көбі ескі жиһаздар сатып алады. Қоқыстан заттар таситындары да бар.Әйтпесе біз квартал сайын жәндіктерді улау жұмыстарын жүргіземіз.Осы айға да өтінім берілді. Әлеуметтік ғимаратты екі жүзден астам адам мекендейді. Кешенді дезинфекция жұмыстарын жүргізу үшін жатақхана тұрғындарын жаппай шығару керек. Ал олардың басқа барар жері, басар тауы жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көкшетауда 4 жасар бала 39 магнит жұтып қойған
Дархан Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды
Курьерлерге қойылатын талап күшейтілмек
Өткен жылы елімізде төлқұжат рекордтық көлемде шығарылыпты
Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады
Дархан Сатыбалды ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
2025 жылы мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға жетеді
Қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
ІІМ: 2024 жылы Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзербайжанда қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Әзербайжан билігі ұшақ апаты кезінде көмектескен қазақстандықтарды марапаттады
Шымкентте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыруға қатысты тергеу аяқталды
Қысқы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Рекордтық көрсеткіш: 2024 жылы Қазақстанда 1,5 млн адам төлқұжат жасатқан
Қазгидромет Алматы және тағы 9 қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Курьерлерге қойылатын талап күшейтілмек
Дархан Сатыбалды лауазымды қызметке тағайындалды
Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары тағайындалды
Дархан Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды
Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігіне жаңа қызметке тағайындалды
Дархан Сатыбалды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды