Әлеуметтік желілерде "бітіру кешінен" кадрлар тарап жатыр. Видео авторының айтуынша, бұл жайт Ақтөбедегі мектеп бітіру кеші кезінде түсірілген, - деп хабарлайды Massaget.kz.Видеода қыздар мен жігіттер ыңғайсыз қимылдар жасап жатқаны көрінеді."Ақтөбе қаласы. Назарларыңызға мұғалімдер мен психологтардың жақында мектепті ресми түрде бітірген оқушыларға жұмсаған ұзақ және ауыр жұмысының нәтижесін ұсынамыз", - делінген видеода.Қазнет қолданушылары іс-шараны ұйымдастырушыларды айыптап, жастардың мінез-құлқын сынға алды."Шектен шықты", "Неге бірден мұғалімдер мен психологтар? Олардың ата-аналары жоқ па?", "Қандай сұмдық, бұл қыздарда ұят жоқ", "Бұл Қазақстан ба?", "Мұғалімдердің не қатысы бар ?", "Балалар үшін олардың ата-аналары жауап береді", "Сұмдық", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.Ақтөбе облысының білім басқармасы өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді."Әлеуметтік желілерде "Ақтөбе облысының түлектері бітіру кешінде әдепсіз әрекеттер жасады" деген видео тарады. Тексеріс барысында облыстық білім басқармасы әлеуметтік желіде жарияланған видеодағы адамдар мектептер мен колледждердің түлектері емес екенін анықтады. Видеодағы адамдар мектеп түлектері екені шындыққа жанаспайды. Еске салайық, еліміздің заңнамасында көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді өңірлік білім басқармасы өкілі.