Әлеуметтік желіде Ол және Димаш дейтін жасанды интеллект пайда болды. Олар желі қолданушылардың сұрақтарына ұтымды жауап береді. Жаңа технология кейін адамның орнын ауыстыруы мүмкін деген болжамдар айтылуда. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады? Отандық айти мамандары не дейді? Тілшіміз Жансұлу Жиенқұл тарқатады.Біраз жыл бұрын ғалымдар «жасанды интеллектің мүмкіндігі кеңейеді. Тіпті керек болса, адамның сағаттап істейтін жұмысын санаулы минутта атқара алатынын айтқан. Ғылымға төңкеріс әкелген сала Қазақстанға да жетті. Әлеуметтік желідегі жасанды интеллект - Ол және Димаш жұрттың сұрақтарына қиналмай жауап береді. Тик-ток-та тараған видео жұртты таң-тамаша қалдырды. Ал халық бұл жаңа технологияны қолдай ма?БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Робот шыққан соң адам жалқау болады ғой. Сол робот жалқаулыққа әкеледі. - Иә, мен де көргенмін. Қолдамаймын ондай нәрсені. Біздің кішкентай кезімізде ондай болған жоқ қой. Мектеп кезінде мұғалімдер синус, косинус деп тапсырма беретін. Содан өзім компьютер болып кеттім ғой. - Әрбір заттың пайдасы да, зияны да бар. Бірақ бұл жас балалардың ойын дамытуға кедергі жасайды. Көбінде адамның жұмысын робот тартып алады деген қорқыныш бар. Бұған себеп те жоқ емес. Өйткені кейбір алпауыт компаниялар жұмысшыларды роботтарға алмастырып та үлгерген. Бірақ отандық айти мамандары алаңдауға негіз жоқ дейді. Жасанды интеллект қайта адамның көмекшісіне айналатынын айтады. Нұржол ТАБИҒАТ, GOOGLE АГЕНТІ: Жасанды интелекттердің маңызды тұсы қазір бүкіл елде инфляция болып жатыр. Ал осы кезде адамдарға ақшаны үнемдеу керек. Ал ақшаны үнемдеу үшін осындай жасанды интеллектілер тез шешім қабылдауға көмектесетін болады. Жансұлу ЖИЕНҚҰЛ, ТІЛШІ: Отандық мамандар биылдан бастап жасанды интеллектіні медицина саласына енгізуді жоспарлап отыр. Себебі соңғы жылдары елде онкологиялық аурулар көбейген. Ал жаңа құрылғы арқылы оны ерте әрі тез анықтап, керек болса емін табуға мүмкіндік бар. Ж. Жиенқұл