«Алғаш рет Фракция отырысында Президенттің жолдауларының орындалуы жөнінде Премьер-Министрдің ақпаратын тыңдайтын боламыз", - Е.Қошанов.

Мәжіліс Спикері, партия Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен Парламент Мәжілісінде «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы басталды.Партиялықтар Мемлекет басшысы Жолдауының жүзеге асырылу барысы туралы Үкімет ұсынған мәліметті тыңдады. «Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде әділдік пен демократия принциптерін орнықтыру және нығайту жолында жүйелі түрде, кезең-кезеңімен жағдай жасауда. Соның дәлелі – көп партиялы Мәжіліс жасақталды. Әр түрлі көзқарастағы азаматтар депутат мандатын алды. Тағы бір көрінісі – Мемлекет басшысының бастамасымен биыл алғаш рет жеңіске жеткен партия Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсынды», - деді Ерлан Қошанов. Өз сөзінде Мәжіліс төрағасы жаңа саяси маусымның қарсаңында «AMANAT» партиясы тағы бір дәстүрді бастағалы отырғанын мәлімдеді. «Алғаш рет Фракция отырысында Президенттің жолдауларының орындалуы жөнінде Премьер-Министрдің ақпаратын тыңдайтын боламыз. Сондықтан басым дауысқа ие болған партия ретінде Фракция отырысына Үкімет басшысын арнайы шақырып отырмыз», - деді Қошанов. Сондай-ақ жиынға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысуда. Ол өз сөзінде депутаттарды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019-2022 жылдарға арналған жолдауларының орындалу барысы туралы хабардар етеді. «Барлық бағдарламалық құжаттар халқымыздың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Бұл тапсырмалар қиын кезеңде, үнемі туындап отыратын сыртқы және ішкі сын-қатерлер жағдайында іске асырылды. Дегенмен жалпы қойылған міндеттер жүзеге асырылды, ал ұзақ мерзімді және жүйелі тапсырмалар орындалу барысында», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда кімдер тегін баспана ала алады?
Қысқы Универсиада: Қазақстандық спортшылар 10 спорт түрінен бақ сынайды
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Кілтіңізді көршіңізге қалдырмаңыз!
Көпбалалыларға жаңа салықтық жеңілдіктер енгізілді
Меркідегі "мереке"
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Таразда мас ер адам күзетшімен төбелесіп, полиция қызметкерін жарақаттаған
«Үйдегі төртінші ұл»: Алматыда алып сәби дүниеге келді
АМӨЗ зауыт үстіндегі “қара бұлтқа“ қатысты түсінік берді
Сауда биржасында доллар бағамы өсті
Мәжіліс депутаттары Петропавл қаласындағы бөгетті қалпына келтіру жұмыстарымен танысты
Алматыда Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған көрме ашылды
Өлі-тірісіне қарамай қайтарамыз - ХАМАС Израильмен келісімге келген жағдайда тұтқындары босатпақ
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Антикор негізсіз жұмсалмақ болған 55 млрд теңгені бюджетке қайтарды
Алдағы күндері Алматыда 25 градус аяз болады – ауа райы болжамы
Қазақстандық фильм Үндістанда екі аталым бойынша жүлде алды
Маңғыстауда мектеп оқушыларының жаппай улануы: іс сотқа жетті
Ақмола облысында өткен ғасырдың ортасында салынған бөгет жөнделіп жатыр