Алғаш рет қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі өтті

Астанада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр. Оның аясында Астанада қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.Экоакция барысында Байқоңыр ауданы әкімдігінің бастамасымен алғаш рет қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.Жәрмеңкеге түрік елінің әйгілі бөректері, симиттері және ірімшік пирогтары ұсынылды. Сондай-ақ тұрғындарға бауырсақ, құрт, ірімшік, шай таратылды. Ататүрік саябағында өткен жәрмеңкеге Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капучу және Түркияның басқа да өкілдері, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің басшылығы, Байқоңыр ауданының белсенді тұрғындары мен ерікті жастар қатысты. Естеріңізге сала кетейік, Астанада бұл апталық «Киелі мекен» деп аталады. Оның барысында қала ескерткіштері мен олардың маңайында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Жасыл аймақ» деп аталатын үшінші апта ағаш отырғызу мен көшеттерді әктеуге арналады.4 мамырға дейінгі кезең «Өнегелі ұрпақ» деп аталып, ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтарын тазалау мен абаттандыруға арналады.«Мөлдір бұлақ» деп аталатын соңғы, бесінші аптада су қоймаларының айналасы – өзен-көлдер қоқыстан тазартылады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жамбыл облысында шөп астынан 100 кг марихуана анықталды
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың бортсерігі Хокуме Алиева туралы не белгілі?
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
11,2 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды
ICAO ұйымы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады
Отандық білім беру саласының көшбасшысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті
2024-те көп қойылған есімдер
Ауа райына байланысты Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарында жол жабылды
Актаудағы ұшақ апаты: Бразилиядан келген мамандар тергеу жұмыстарын бастады
Конституциялық сот: Шартты түрде мерзімінен бұрын босату заңға сәйкес қаралуы керек
Жанна Уразбахованың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Ұшақ апаты: ауруханадағы алты адамның жағдайы қандай?
Абай облысында «гастрольдік квартет» атанған пәтер ұрылары ұсталды
Жарылыс болған кезде, ұшақ бөлшектеніп кетеді деп ойладым...
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ұшақ апаты: Ақтауға бразилиялық шенеуніктер келді
Астанада полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтардың қазіргі ахуалы айтылды
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды
Астанада жаңа жылдық ойын-сауық басталды
Ақтаудағы ұшақ апатын зерттеуге шетелдік мамандар ұшып келді
Еліміздің 14 облысына дауылды ескерту жарияланды
Актаудағы ұшақ апаты: Бразилиядан келген мамандар тергеу жұмыстарын бастады