Алғашқы көлікті Ердоғанға сыйлады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен оның әйелі елде шығарылған TOGG электромобилінің алғашқы иелері атанды, деп хабарлайды massaget.kz.TOGG T10X, C класты кроссовер Анкарадағы президент сарайында өткен салтанатты шарада конвейерден жаңа шыққан, екі түсті – қызыл және қою көк түсте ұсынылды. Қызыл түс Түркияның бірінші ханымы Әмина Ердоғанға арналған.Түркия президенті "Анатолу" деп аталатын қызыл көлікті басқарды. Алайда алдағы уақытта қою көк көлікпен жүретінін айтты."Бүгін біз халқымыздың 60 жылдық арманының орындалғанының куәсі болдық. TOGG рекордтар жаңартты және бұл біздің жеке көлігіміз", - деді Ердоған.2022 жылдың қазан айында Бурса провинциясының Гемлик қаласындағы түрік электромобиль зауыты электромобильдердің сериялық өндірісін бастады және оған Ердоғанның өзі қатысты. Болашақта бұл зауыт 6 түрлі түсті электромобильдердің 5 нұсқасын шығарады.Әзірге екі модель шығарылды. Олар: TOGG T10X SUV C класындағы жол талғамайтын көлік және TOGG T10S седан. Жобаға 13 жыл ішінде 3,7 миллиард доллар инвестиция салынады. Сондай-ақ осы жылдың қазан айында электромобильдің екінші нұсқасы – седанның тұсауы кесілетіні хабарланды.TOGG бас директоры Гуржон Каракош журналистерге жылына 100 мың көлік шығаруды жоспарлап отырғандарын айтты. Өндірістік қуаттылық бұл көрсеткішті жылына 175 000-ға жеткізуге есептелген. 2030 жылға қарай бір жылда құрастырылатын көліктер саны жарты миллионға жетеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Черчесов Қазақстанды әлем чемпионатына шығара алмайды – Ольга Смородская
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Сарапшы Шавкат Рахмоновтың жалғыз қателігін атады
Алматы Халықаралық әуежайында туристерге сыйлықтар табысталады
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күніне орай шыңға шықты
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
Арқалық прокурорының орынбасары этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды
Грузияда мейрамхананың 12 қызметкері өлі табылды
Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»