Алғыс айту күні қарсаңында елордадағы «Құтқарушылар» аллеясында төтенше жағдайлар саласы қызметкерлеріне арналған рухани шара өтті. Сондай-ақ, қызмет бабымен жүріп қаза тапқандардың рухына тағзым етілді.Адам өмірін түрлі апаттар мен қауіп-қатерлерден сақтап, қырағылық танытып жүрген батырларға «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты мен елордалық Төтенше жағдайлар департаменті алғыс білдірді. Ерлан ЖАЛЫБАЕВ, АСТАНА қ.БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылуға тиіс емес. Жақында ғана болған үлкен Туркия еліндегі зілзалада да біздің еліміздің төтенше жағдай қызметкерлері, дәрігерлеріміз барып күні-түні сол жерде жұмыс істеп қаншама жанды ажалдан алып, құтқарып қалды. Ал жанын пида еткен қаһармандарымызды мәңгі есте сақтаймыз. Төтенше жағдайға тосқауыл қойып, тұрғындар өмірін құтқаруда ерен еңбек сіңіріп жүрген әр қызметкердің жұмысы – ерлікпен пара-пар. Айдын ИЕМБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ: Түркия халқында зілзала болды. Сонда болып келдік. Құтқару кезіндегі адамдарды үйіндінің астынан алып шыққан кезде әрқашанда ауырлау болады. Қас-қағым сәтте тәуекелге барып, сын сағатта батыл әрекет еткен бейбіт күннің қаһармандарына мектеп оқушылары да ризашылығын білдіріп, «Мың Алғыс» флешмобын арнады. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Қаһармандарымыздың арқасында біздің ел тәуелсіз, азат, бейбітшіл ел. - Оларға мың да бір алғыс. Себебі біздің өмірімізді құтқарып жүреді. Айта кетейік, бас шаһардың қауіпсіздігін күзетуге 1859 қызметкер жауапты. Қалада 12 өрт сөндіру бөлімі мен 4 аудандық төтенше жағдайлар департаменті бар.