Қытайдың Space Epoch ғарыш компаниясы Aliexpress басшылығымен бір сағат ішінде әлемнің кез келген бұрышына тауар жеткізе алатын зымыран жасауға кірісіп кеткенін мәлімдеді.Reuters агенттігінің мәліметінше, бүгінде жобаның алғашқы кезеңі жалғасып жатыр. Зымыран 120 текше метрлік контейнерде 10 тоннаға дейін жүкті тасымалдай алады деп болжанған. Жоба Юаньсин-1 зымыраны негізінде әзірленбек. Былтыр ғарыш компаниясы бұл зымыранның қозғалтқышын сәтті сынақтан өткізген болатын. Десе де, Space Epoch басшылығы жобаны қысқа мерзімде жүзеге асыру оңай болмайтынын атап өтті.