Премьер-Министр Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) аясында өтетін бірқатар іс-шараға қатысу үшін жұмыс сапарымен Сочи қаласына (РФ) барды. Астана телеарнасы бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында: - қатысушы елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын; - көлік инфрақұрылымын дамыту; - теміржолдағы жүк тасымалдарын цифрландыру; - ЕАЭО шеңберінде климаттық және цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру мәселелерін талқылау жоспарланып отыр. ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы барысында Достастықтағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша талқылау өтеді. Сонымен қатар өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және ынтымақтастықтың бірқатар өзекті бағыты бойынша бірлескен шараларды іске асыру мәселелерін қарау жоспарланған. Іс-шаралар алаңында Әлихан Смайылов екіжақты кездесулер өткізеді деп күтілуде.